Қазақстан • 06 Қаңтар, 2020
2020 жылы 2 миллионнан астам адамның зейнетақысы өсті
«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері 7% -ға өсті, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 38 636 теңгені құрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 06 Қаңтар, 2020
АИИБ Қазақстанның автомобиль жолдары саласындағы жобаларды қаржыландырмақ
Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі «Орталық – Батыс» дәлізін реконструкциялау жобасын қаржыландыруға қызығушылық танытты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 06 Қаңтар, 2020
Қазақстан мен АҚШ әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды
Елбасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2020
Елордалықтар бас қаланың дизайн-кодын әзірлеуге қатыса алады
«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ елорданың дизайн-коды бойынша қала тұрғындарының ұсыныстарын қабылдайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 06 Қаңтар, 2020
Алматы облысында төленбеген айыппұл қарызы 6,4 млрд теңгеден асты
Алматы облысында өтелмеген айыппұл көлемі азаймай отыр. 2018 жылы атқарушы өндіріс бойынша қарыз сомасы 6,5 млрд теңгеге жетсе, 2019 жылы бұл көрсеткіштің 19 проценті ғана өндірілген екен.