Руханият • 09 Қаңтар, 2020
Президент: Ғұлама Абай – әлемдік деңгейдегі кемеңгер
Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарық көрген «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Ұлы Абайды әлем жұртшылығына өз деңгейінде таныта алмай келе жатқанымызды айтып, ғұламаның әлемдік мәдениеттің тұлғасы болуға әбден лайық екенін алға тартты.
Руханият • 09 Қаңтар, 2020
Ертеректе, Кеңес өкіметінің әбден гүлденген, халықтың оқуы жетіліп, көзі ашылған заманында Қазақстан Орталық партия комитетінің бір нұсқаушысы батыстың дамыған елдерінің біріне халықаралық конференцияға қатысуға іссапармен барған екен. Ол шет тілін және саясат, тарих, философияны жақсы білсе керек. Өзінің білімімен, мәнерімен жұртшылықты таңғалдырады. Шетелдік әріптестері өмірбаянын, қайда білім алғанын сұрастыра бастайды. Жұмысшының баласы екенін, алған білімін, қайда қызмет істейтінін, өзін интеллигент (біздіңше зиялы) санайтынын айтады. Сонда қасындағы шетелдік әріптестерінің бірі әзіл-шыны аралас «жоқ, сіз әлі толық интеллигент емес екенсіз» депті. Неге деп сұраған екен. «Сіз шынайы интеллигент болу үшін сіздің әкеңіз және оның әкесі де интеллигент болу керек» депті жаңағы шетелдік азамат.
Әлем • 09 Қаңтар, 2020
Тегеран маңында ұшақ апатқа ұшырады
Иран астанасы Тегеран маңында Украина халықаралық әуежолдарының Боинг-737 ұшағы құлап, 177 адам қаза тапты. Қызыл крест ұйымының айтуынша, борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері түгелдей қайтыс болған.
Әлем • 09 Қаңтар, 2020
Аустралиядағы өрт әлем жұртшылығын біріктірді
Өткен аптада Аустралиядағы орман өрті басылмай, мемлекеттегі флора мен фаунаға кеселін келтіріп жатқанын жазған болатынбыз. Жағдай әлі өзгере қоймады. Соңғы деректер бойынша өрттен қырылып қалған жануарлардың саны 1,25 млрд-қа, қаза тапқан адам саны 25-ке жеткен. Өрт жалыны 8,4 млн гектар жерді шарпыған. Бұл тек материк тұрғындарын емес, әлем жұртшылығын да алаңдатып отыр.
Руханият • 09 Қаңтар, 2020
Жастардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн – Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарық көрген «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ойшыл қара сөздерінің бірінде дәріптеген тіл үйренудің игілігіне тоқтала келе, ана тілдің мәртебесін арттыру керектігін алға тартады.