Руханият • 09 Қаңтар, 2020
Дария Қожамжарова: Абайтанудың жаңа кезеңіне жол ашады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санынында ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы Абай Құнанбайұлы жайлы “Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан” атты көлемді мақаласы жарыққа шықты. Абайды әлемге танытқан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері мақаладан өз бойларына рухани азық алды.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2020
Павлодар әуежайынан жылына 1 мыңға жуық ұшақ ұшады
Былтыр әуежай еліміздегі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының иелігінен облыс әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді. Қазір әуежай жұмысын жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Руханият • 09 Қаңтар, 2020
Әділ Ахметов: Абайдың тағылымдарын бірінші орынға қою керек
Бір ғасыр бұрын халқымызға жөн сілтеген Абайдай тұлғаның тағылымы бүгінгі күнде де маңызын жоймады. Білім мен ғылымға шақырған оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы айқын көрініс табады. Осы орайда Мемлекет басшысы «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай мұрасының елімізге тигізер пайдасы зор деп есептейді. Президент Абайдың ой-тұжырымдарын негізге ала отырып мемлекетімізді дамыту керек екенін айтады.
Руханият • 09 Қаңтар, 2020
Жандос Әубәкір: Парасатты пайым, орамды ой
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын Абай музейінің ұжымы ыстық ықыласпен қабылдады. Бұл мақала биыл әлемдік деңгейде аталып өтетін Абай тойының маңызы мен ерекшелігін жан-жақты нақтылап, алдымызға ауқымды жұмыстарды абыроймен атқаруды жүктеп отыр.
Медицина • 09 Қаңтар, 2020
Түркістан: медициналық ұйымдардың МӘМС жүйесіне дайындығы жоғары
Бірінші қаңтардан бастап толықтай күшіне енген МӘМС жүйесі шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамту деңгейі Түркістан облысы бойынша 91,6%-ды құрайды. Өңір халқының 8,4%-ы немесе 66652 адам «шартты түрде сақтандырылмаған» болып есептеледі, олар бойынша мәртебені өзектендіру жұмыстары жалғасуда. Облыс бойынша 114 денсаулық сақтау мекемесі тіркелген.