Қаржы • 21 Желтоқсан, 2017
Сауда ұйымын жаңа сындарға сай болуға шақырды
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Министрлер конференциясының Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен пленарлық отырысында қазақстандық делегацияның басшысы, еліміздің Женевадағы БҰҰ бөлімшесінің және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, елші Жанар Айтжанова Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп отырған саясатқа сәйкес, еліміздің жаһандық саудаға одан әрі интеграциялануды ұстанатынын атап өтті.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2017
Шетелдік дипломаттар Байқоңырда болды
Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус басшылары «Байқоңыр» ғарыш айлағында болып, «СОЮЗ-МС-07» басқарылатын көліктік ғарыш кемесін ұшыруды тамашалады, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.
Әлем • 21 Желтоқсан, 2017
Ресей президенті Владимир Путин өзінің Сирияға жасаған сапары кезінде ресейлік әскерлердің Сириядан шығарылатынын мәлімдеді. Ресей басшысының бұл мәлімдемесі саясаткерлер мен сарапшылардың назарын бірден аударды. Өйткені Ресей қарулы қақтығыстардың соңы азаматтық соғысқа ұласқан Сирияға әскерін кіргізген ірі екі елдің бірі. Ел аумағында Ресейдің де, АҚШ-тың да әскерлері түрлі операцияларға қатысты.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2017
«Нұрлы жердің» Жамбыл облысындағы қарқыны қандай?
Бүгінде тұрғындардың еліміздегі түрлі бағдарламалар арқылы да, банк салымшысы есебінде де баспаналы болуына мүмкіндік мол. Сонымен қатар «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздің әрбір шаһарында құрылыс қарқынды жүріп, халықты тұрғын үймен қамту мәселесі жолға қойылды. Әр шаһардың төрінен бой көтерген сәні мен салтанаты келіскен нысандар әр қазақтың көкірегінде қуаныш сезімін оятып, үміт отын маздата түседі. Сондықтан да қарқынды құрылыс халық игілігі, ел болашағы үшін қызмет етпек.
Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2017
«Эйр Астана» 2017 жылғы 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады
Қазақстанның төл мерекесі Тәуелсіздік күні қарсаңында «Эйр Астана» 2017 жылғы 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады. Бұл компания тарихында тұңғыш рет болып отырған жылдық рекордтық көрсеткіш болып табылады.