Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты
Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимарат өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті
Алматыдағы Балуан шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Сол жарыста Қазақстанның бірқатар былғары қолғап шеберлері алыс-жақын шет мемлекеттерден келген спортшылармен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 28 Желтоқсан, 2025
СҚО-дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкер әйелдердің саны артып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 28 Желтоқсан, 2025
Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Алматының Медеу ауданында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Құтқарушылар теңіз деңгейінен шамамен 3 700 метр биіктікте орналасқан «Локомотив» шыңы маңынан екі адамның мәйітін тапты. Бұған дейін осы топтағы тағы бір адамның қаза тапқаны анықталған еді. Осылайша, оқиға салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2025
Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды
Тайвань мен Перу жағалауларында бір мезгілде қуатты жер сілкіністері тіркелді. Тайвань билігі алдағы апта бойы магнитудасы 5 балдан асатын афтершоктар болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды Egemen.kz.