Өнер • 26 Желтоқсан, 2021
Қызылордада Сыр сүлейлерінің жолын жалғаған жыр жампозы Көшеней Рүстембекұлының туғанына 75 жыл толуына арналған «Жүрегі жауһар жампозым» атты этно-қойылым концерт өтті. Өлмес өнердің отын жаққан жырау рухына құрмет танытқан кеш Қармақшы ауданы әкімдігі және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2021
«Корей толқыны» жаһанды қалай тербеді?
Корей толқынының лебін алғаш сезген елдердің бірі Қазақстан десек қателеспеспіз. Республикалық телеарналардан махаббат хикаяларын баяндаған сериалдар көрерменді баурап алды. Арада он жылдан астам уақыт өткенде корей мәдениеті жаһандық феномен болып шыға келді. Бұл үдерістен біз не үйрене аламыз?
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2021
Егемен Қазақстан тарихында бұған дейін 8 рет рақымшылық жасалған екен. Оның төртеуі Тәуелсіздік күніне орайластырылған. Биыл да ең қастерлі мереке – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 14 мыңнан астам сотталған рақымшылыққа ілікті. Бұл – ел тарихындағы тоғызыншы рақымшылық.
Өнер • 26 Желтоқсан, 2021
Ұлттық бейнелеу өнеріміздің көкжиегін кеңейтіп, биікке көтеріп жүрген жас талантты суретшілер жетерлік, соның бірі − Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, тарихи тақырыптарға жасқанбай қалам тербеп жүрген қылқалам шебері Бейбіт Бертаев.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2021
James Webb телескобы ғарышқа сапар шекті
NASA әлемдегі ең қымбат ғарыштық телескоп – James Webb-ті жеті қат көкке ұшырды. Алып аппарат елорда уақыты бойынша кешкі 18:20-да Француз Гвианасындағы Еуропа ғарыш айлағынан көкке самғады.