Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Боран мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде жол жабылуы мүмкін?
Бүгін, 4 ақпанда республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесінде ауа райы күрт нашарлайды. Қар мен боранның салдарынан жолдағы көріну деңгейі төмендеп, қозғалыс қиындауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Әдебиеттің айбоздары анықталды
Астанада Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық пен «Айбоз – 2025» ұлттық әдеби байқауы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Жүлдегерлер арасында газетіміздің бүгінгі тілшісі, жазушы Қанат Әбілқайыр мен бұрынғы тілшісі, ақын Хамит Есаман да бар. Әріптесіміздің бағы ұлттық сыйлықтың «үздік балалар әдебиеті» аталымы бойынша жанып отыр.
Реформа • 04 Ақпан, 2026
Ата заң: Елдік мұрат жолындағы ортақ ұстаным
Кеше елордада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында комиссия мүшелері жарияланған жаңа Конституция жобасын талқыға салып, елдің саяси өміріндегі өзгерістерді әңгіме арқауына айналдырды.
Саясат • 04 Ақпан, 2026
Кеше елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері Конституцияның жаңа жобасын талқылап, оған бірауыздан қолдау білдірді.
Саясат • 04 Ақпан, 2026
Ашық, сындарлы диалог жалғасады
Облыс әкімдігінде өткен актив отырысында еліміздің жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық мәслихат, қоғамдық кеңес төрағалары, сала басшылары қатысты.