Парламент • 21 Желтоқсан, 2017
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» заңға түзетулер қаралды
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2017
Жаңаөзенге жаңа әкім тағайындалды
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қаласының тұрғындарына жаңа әкімді таныстырды. Қалалық мәслихаттың шешімімен шаһар басшысы болып Дауылбаев Әділбек тағайындалды. Әділбек Құлынтайұлы бұған дейін Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарған.
Кино • 21 Желтоқсан, 2017
«САҚ»-тың мультфильмдері балақандарға базарлық
«САҚ» киностудиясы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бастамасы аясында облыс әкімдігінің тапсырысымен «Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы кинохикая түсірді деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2017
Арыста 360 орындық балабақша ашылды
Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 360 орындық балабақша пайдалануға берілді. Жаңадан ашылған «Лидер» балабақшасында бүгінде 55 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи үлгіде салынған ғимаратқа 380 млн. теңге қаржы жұмсалған.
Астана халықаралық мектебі «Алаш айлығы» жобасын қолға алынды
Биыл Алашорда автономиясының құрылғанына 100 жыл толды. Тарихқа көз жіберсек, сол жылдардағы қазақ зиялыларының өз елінің бостандығы үшін еткен ерен еңбектерінің куәсі боламыз. 1918 жылы 22 қаңтардағы «Сарыарқа» газетіне «...Желтоқсанның 12-күні, түс ауа, сағат 3-те Алаш автономиясы дүниеге келіп, азан шақырылып ат қойылды. Алты алаштың баласының басына Ақ орда тігіліп, Алаш туы көтерілді. Шашылып жүрген қырғыз-қазақ жұрты өз алдына ауыл болды», деген Әлімхан Ермековтің мақаласы шықты.