Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2017
ҚР Әскери-теңіз күштері «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесімен толықты
Ақтауда шекарашыларға су жаңа "Маңғыстау" кемесі табысталып, теңіз әскерінің жалауы салтанатты түрде көкке көтерілді. Отандық су көлігі мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес арнайы шығарылған. Бұл осымен Оралдағы «Зенит» зауытында құрастырылған төртінші кеме. Экипаж құрамында 23 адам бар.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2017
Қ.Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы Елшісі М.Бочарниковты қабылдады
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2017
«ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 136 мыңнан астам кеңестік қызмет көрсеткен
Оңтүстік Қазақстан облысында «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Шымкент қаласы мен өңірдегі барлық 14 ауданда азаматтарға қызмет көрсетіп келеді. Орталық жалпы ашылған сәтінен бастап 136 мыңнан астам кеңестік қызмет көрсеткен. Бүгін бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ONTUSTIK» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры Ғани Өмірзақов мәлімдеді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2017
Комитетте Қазақстан-Түркіменстан арасындағы шарттар қаралды
Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 21 Желтоқсан, 2017
Сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексті екі оқылымда қарап қабылдады.