Университет • 25 Желтоқсан, 2024
Nazarbayev University: Ғылым және инновация – даму кепілі
Орталық Азиядағы жетекші орын алатын Nazarbayev University-дегі (NU) ғылыми топтардың қазақ тіліндегі жасанды интеллект, экзоскелет, қатерлі дертке қарсы дәрі және басқа да коммерцияландыруға бағытталған жобалары өте нәтижелі болды. Әсіресе университет ғылыми зерттеулер мен оны іске асырудың бірегей экожүйесін құра отырып, инновацияны дамытуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ іргелі оқу орнының ғылыми зертханалары мен орталықтары жасанды интеллект, наноматериалдар және биотехнология саласындағы жобаларға бастамашы болып отыр. Биыл университет ғылым мен білімдегі ұстанымын нығайта отырып, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
Саясат • 25 Желтоқсан, 2024
ЖИ: Қажеттілік пен қауіпсіздік мәселесі
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қоғамдық өмірдің барлық саласына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу мәселесі қаралды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндады.
Тұлға • 25 Желтоқсан, 2024
Темірқазығы – Махамбет, Шолпан жұлдызы – Сара...
Өлең мен ақын. Ақын мен заман. Ақын мен қоғам. Бұл ұғымдар байланысының мәні тереңде. Дәуірден озатын өлең бар. Заманнан озатын ақын бар. Қоғамды, ортасын өзіне тәнті ететін де ақын. Қазақ өлеңінің сан ғасырлық бітімі ақын-жыраулардың сөз бастаған әрі қол бастаған қалпымен айшықталатыны ақиқат. Осы санатта халқына барынша танымал, сүйікті, өлеңдегі ағаға қадірлі қарындас, құрдасқа адал дос, кішіге қамқор бола білген Фариза Оңғарсынованы айрықша атауға болады.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2024
«Мұғалім жарақат алды»: Кінәлі кім?
Жақында Семей қаласында жаңа жылдық шыршаны безендіруге заңсыз тартылған мұғалім биіктен құлап, жарақат алғаны туралы ақпарат желіде желдей есті. Бұл жайында жергілікті мемлекеттік органдардан бастап, Оқу-ағарту министрі мәлімдеме жасап, пікірін білдірді. Кейінгі кезде мұғалім мәртебесі туралы мәселе биік мінберден жиі көтеріліп жүр. Ал биіктен құлаған ұстаздың жұмыстан бос уақытта заңсыз еңбекке тартылуы педагог абыройын асқақтату мәселесін майшаммен қарауды тағы бір еске салады.
Өнер • 25 Желтоқсан, 2024
«Астана Операның» Дубайдағы өнер сапары зор табыспен өтті. Аңызға айналған Юрий Григоровичтің хореографиясындағы П.Чайковскийдің «Щелкунчик» танымал балеті «Дубай Опера» сахнасында қойылды. Көрермендердің жүрегін жаулаған қойылымда үнімен ұйытқан симфониялық оркестрді италиялық маэстро Джузеппе Акуавива басқарды.