Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2017
Қостанайда облыс әкімінің кубогы үшін жайдарманшылар ойыны өтті
Қостанайда облыстық Жастар ресурсы орталығы мен облыстық Жастар саясаты жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен облыс әкімінің кубогы үшін жайдарманшылар ойыны болып өтті.
Парламент • 22 Желтоқсан, 2017
Сенат ақпарат және коммуникациялар салаларына қатысты өзгерістерді мақұлдады
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен палатаның жалпы отырысы өтіп, онда бірқатар заң жобалары қабылданды. Олардың бірі – Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев таныстырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралып, депутаттар тарапынан қолдауға ие болды.
Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2017
Мырзатай Жолдасбеков: Тәуелсіздіктің тағдыры туралы кітап
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабына Қазақстанның азаттық жылдарында жүріп өткен жолы анық көрсетілген. Бұл – Тәуелсіздіктің тағдыры туралы кітап, Тәуелсіз мемлекет болудың тәжірибесі болмаған Қазақстанда Тәуелсіз мемлекет орнатудың тәжірибесі туралы кітап. Мұнда біздің өткен өміріміз, Тәуелсіздігіміздің алғашқы күнінен басталған өткелдеріміз анық көрсетілген.
Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2017
Ғани Нығметов: Тарихи публицистика стиліндегі бірегей құжат
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы – тарихи публицистика стилінде жазылған бірегей құжат. Елбасы кітапта тек жалаң факті мен цифрлар ғана келтірумен шектелмей, белгілі бір оқиғаларға өзінің бағасын беріп, сол кезде өзінің қандай сезімде болғанын сипаттайды.
Медицина • 22 Желтоқсан, 2017
«Мен ешкімге керек емеспін» деп хабарласатын балалар көп
«Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ». Қазақ тұтас бір отбасы мүшелерінің рөлін осы бір сөйлеммен анықтап берген сыңайлы. Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Ұлттық сенім телефонына (жедел желі-111) тынбай соғылған қоңыраулардан кейін сол ата-ананың рөлі тіпті де еселеп артқанын байқадық. Ендеше, бүгінде жұмысбасты жұптар бала тәрбиесі дейтін таудай жүкті арқалай алып жүр ме? Балалар мен ата-аналардың арасындағы қайшылыққа толы қарым-қатынас қалай қалыптасады? Балалардың суицидке баруы тәрбиедегі селқостықтан ба? Телефонға тәуелділік балалардың психикасын қалай бұзады?