Қоғам • 28 Желтоқсан, 2020
Түтінге тұнып тұр Өскемен. Әсіресе тұман шөккен, бұлт көшкен күндері будақ-будақ түтін болып жағаласа жөңкіледі. Өндірістік өңір болған соң бұл көрініске тұрғындардың көзі үйренісіп кеткелі қашан?! Алайда ақ халаттылардың айтуынша, тыныс аурулары, өкпенің қабынуы өңірде аз емес. Диагноз «экология салдарынан» деп дөп басып қойылмаған соң нақты цифр айту да қиынға соғады...
Саясат • 28 Желтоқсан, 2020
Жемісті жылдар, жеңісті жолдар немесе цифрлар сөйлесе...
Зулаған уақыт... Күні кеше сияқты еді, депутаттық көк куәлікті қолға ұстап, өзімізге бөлінген кабинеттерге орналасып, Парламентке жаңа келген әріптестерімізбен танысып, етене араласып-құраласып жатқанымыз. Жаңа шақырылымдағы алғашқы кеңейтілген отырыс, алғашқы комитет жиналысы, алғашқы жұмыс тобы, алғашқы фракция жиналысы... Бәрі де көз алдымызда. Келесі жылдың басында, қазіргі Мәжілістің өкілеттік мерзімі бітіп, жаңа сайлау өткізілген кезде сол күндерге дәл бес жыл толады екен. Жалпы, кезекті шақырылымдағы Мәжілістің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған күннен басталып, жаңа шақырылған Мәжілістің бірінші сессиясының жұмысы басталған күні тоқтатылатыны белгілі. Жұмысымыз жалғасып жатыр. Әйтсе де, жаңа жылдың алдында тұрғанда өткен кезеңге қайта бір қайырыла қарап, алдын ала қорытындыларды шығара бастауға қазірдің өзінде әбден болады деп те ойлаймын.
Білім • 28 Желтоқсан, 2020
60 пайызға жуығы – Түркістан облысынан
Бүгінгі таңда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Серпін» бағдарламасы бойынша 836 студент оқып жатыр. Оның ішінде биылғы оқу жылында түскендер саны – 90 адам. Жаман індеттің кесірінен осы жылы «серпіндіктердің» саны азайып қалды. Былтыр түскендердің саны 240 болған еді. Қазір «серпіндіктердің» ең көбі үшінші курста оқиды, олардың саны – 343. Ал төртінші курста оқитындар саны – 240 студент. Бұлардың саны түскенде көп еді, бірақ түрлі себептермен біраз студент оқудан шығып кеткен.
Оқиға • 28 Желтоқсан, 2020
«Қазақстандық отбасылар-2020» ұлттық баяндамасының жобасы сараптамалық талқылаудан өтті. Құжатты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша «Рухани жаңғыру» қазақстандық әлеуметтік даму институтының отбасы институты зерттеу орталығымен бірлесіп әзірледі.
Руханият • 28 Желтоқсан, 2020
Жүз жасында Абайды жатқа оқиды
Ұлы Абайдың өлеңдері жүз жасқа таяп қалған кейуананың өзіне рухани азық, күш-қуат береді. «Абай атамыздың ойлы сөздері, өнегелі жырлары оқыған сайын жанды жадырата түседі», дейді Балқаш қаласында тұратын 96 жастағы Рахила Ержанова. Бір қызығы, жүзге қадам басқан қария хакімнің өлеңдерін кез келген жерінен үзіп алып, жатқа оқи береді екен.