Сайлау • 28 Желтоқсан, 2020
Тиімсіз жобаларды қысқартуды ұсынды
Қазақстан Халық партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Гауһар Нұғманова «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Павлодар бөлімшесінің ұжымымен кездесті. Кандидат сайлауалды бағдарламаның негізгі тезистерін түсіндіріп, зейнетақы жүйесін реформалау мәселелерін талқылады.
Ауыл • 28 Желтоқсан, 2020
Қазіргі қазақ қоғамында бәрімізді толғандыратын мәселелер жеткілікті. Оларды күнкөріс қамынан бастап рухани құндылықтарға дейін тізбелей беруге болады. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан біз күнделікті түйткілдерді шешуге қандай үлес қоса аламыз? Әлде барлық мәселені үкіметке және жергілікті билікке ысырып тастап, тек сын тағып, талап қойып қана жүрміз бе?
Кино • 28 Желтоқсан, 2020
Қазақ киносы қайда бағыт алып барады?
Кино – қоғам өмірінің айнасы. Ұлттың ұстыны мен ұлылығын кезінде әдебиет арқылы танып, таразыласақ, бүгінде ол қызмет ұлттық кинематография тіліне көшіп үлгерді. Өйткені жаһандану дәуірі жаппай визуализация жағында. Не нәрсені де көзбен көріп барып, көңілге тоқу – заманның өз талабы. Демек, бүгінгі қазақ киносының аяқ алысы мен деңгей-дәргейі – ұлттық рух пен жалпы қазақы бет-бейнеміздің басты һәм негізгі көрсеткіші.
Сұхбат • 28 Желтоқсан, 2020
Берік Уәли: Ауыр жыл болғанымен, ауқымды іс атқарылды
Бүкіл әлемнің тынысын тарылтып, өкпесін қабындырған биылғы жылдың да жал-құйрығы күзелетін кезге келдік. Ел де, елге тұтқа азаматтар да үлкен сынақтан өтті. Жаһанды жүрісінен жаңылдырған індет кезінде мемлекет нақты қандай әрекет жасады? Президент қандай шешімдер қабылдады? Осындай күрделі, қиын-қыстау кезеңде атқарылған жұмыстардың жай-жапсары, ауқымы жайында Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлимен сұхбаттасқан едік.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2020
Жұмыс таппай сенделіп жүргендер жоқ
Осыдан алты жыл бұрын «Серпін» бағдарламасы қолға алынып, оңтүстіктің жастары солтүстік пен шығысқа бет түзеді. Білім алып, жұмыс істеуді мақсат етті. Сол уақыттарда «Серпіндіктер» сенделіп қалмай ма? Оқу орындарының есігі айқара ашылғанымен, ертеңгі күні жұмыспен қамтыла ма?» дегендей ой-пікірлер де айтылған-ды.