Ғылым • 29 Желтоқсан, 2025
ҚазҰУ-дың жас ғалымы цикорийдің диабетке қарсы қасиетін дәлелдеді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, жас ғалым Айжамал Байсейітова цикорий өсімдігінің қасиетін зерттеп, оның диабетке қарсы тиімді әсері бар екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Зерттеу барысында цикорий құрамындағы биологиялық белсенді заттардың қандағы қант деңгейін төмендетуге, зат алмасу процесін реттеуге оң ықпал ететіні анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 29 Желтоқсан, 2025
2025 жылдың құқықтық белесі: Қазақстанның жаңару бағыты мен жүйелі реформалары
2025 жыл еліміздің жылнамасында мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғамдық қатынастардағы іргелі өзгерістер жылы ретінде тарихқа енді. Биылғы заң шығару үдерісі цифрландыру мен жасанды интеллектіні тізгіндеуден бастап, әлеуметтік қорғау, салықтық реформалар мен құқықтық тәртіпті нығайтуға дейінгі ауқымды салаларды қамтыды. Кейбір заңдар қазірдің өзінде ел игілігіне айналса, енді бірі 2026 жылғы үлкен трансформацияларға даңғыл жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Желтоқсан, 2025
Тайвань айналасы қоршауға алынады: Қытай ертең әскери дайындықты бастайды
Қытай Тайвань аралының айналысында бес бірдей аймақты қоршап, ауқымды әскери дайындығын бастайтынын жариялады. 30 желтоқсанға жоспарланған бұл шараға құрлық, теңіз, әуе және зымыран әскерлерінің бөлімшелері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстан АҚШ-пен бірлесіп атом энергетикасы саласына қажетті кадрлар дайындайды
Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары азаматтық атом энергетикасы саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп отыр. АҚШ Мемлекеттік департаментінің шағын модульдік реактор (SMR) технологиясын жауапты пайдалану инфрақұрылымын дамытуға арналған FIRST бағдарламасы аясында елімізде бірқатар маңызды бастама жүзеге асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 29 Желтоқсан, 2025
АҚШ-та екі тікұшақ соқтығысып, бір адам қаза тапты
Нью-Джерси штатының оңтүстігінде екі тікұшақ соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, біреуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.