Туризм • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл 2172 бала ел ішінде тегін саяхаттады
Биыл Kids Go Free мемлекеттік бағдарламасы аясында ел ішінде 2172 бала тегін саяхаттаған. Туроператорлар балалар әуе билетінің құнын қоспағанда, 415,6 миллион теңгеге тур сатқан. Мемлекет тарапынан 114,5 миллион теңге көлеміндегі әуе билетінің құнын өтеген, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 25 Желтоқсан, 2024
Жыл қорытындысы: Қарулы Күштер ұшқышсыз ұшу аппараттарын өрістетті
Мемлекет басшысының – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы шеңберінде Қазақстан армиясын жоғары дәлдікті және жоғары технологиялық қару-жарақпен, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықтау басым бағыттардың бірі болып табылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 25 Желтоқсан, 2024
Бокстан Қазақстан чемпиондарының есімдері белгілі болды
Бокстан Қарағанды қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Тартысты өткен бәсекелерден кейін еліміздің әр салмақ дәрежесіндегі үздіктері анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2024
Су тасқыны: Үкімет ел басына туған ауыр сынақты қалай еңсерді
Беріктік пен бірлік сынағы көктемгі су тасқыны түріндегі табиғи апат болды. Кең көлемді су тасқыны қаупіне жауап ретінде Үкімет ІІМ, ТЖМ және басқа да мемлекеттік органдардың күштерін апаттық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу үшін пайдаланды, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 25 Желтоқсан, 2024
Тұп-тура бір ғасыр бұрын Алаш қайраткерлерінің ұжымдық еңбегі нәтижесінде «Алқа» атты әдеби ұйым дүниеге келді. Бұл ХХ ғасыр басындағы рухани бұлағай шақта, әдебиеттің қай бағытта дамуы керек екендігі дүдәмал тұста жасалған қазақ қаламгерлерінің тұғырлы тұжырымдамасы. Мұнда ел зиялылары боз жусан болмысы бұлдырап, ұлттық келбеті айғыздала жаздап тұрған қазақ әдебиеті һәм мәдениетіне жаны ашитын қаламгерлерді бір мүддеге біріктіруді, талантты жастарға байыпты бағдар көрсетуді мақсат тұтты. Алаш ардақтыларының осынау еңбегін зерделеп, ондағы түйткілді түйіндерді талқыға салу мақсатында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымның 100 жылдығына арналған ғылыми семиниар өтті.