Кино • 25 Желтоқсан, 2023
«Қожа» фильміне кейіпкерлер қалай таңдалды?
«Менің атым – Қожа». Атауын естігеннен-ақ көңіліңде бір жылылық ойнап сала береді. Себебі бұл фильмде әрқайсысымыздың балалығымыз, тәтті естеліктеріміз жатыр. Талай буын көрерменді тәрбиелеген сол теңдессіз туынды – «Менің атым – Қожаның» түсірілгеніне биыл 60 жыл толыпты. 1963 жылы жарыққа шыққан фильм режиссер Абдолла Қарсақбаевтың кинодағы тырнақалды жұмысы ғана емес, шығармашылығының ең табысты жемісі де. Айтулы фильм режиссерден бөлек, ондағы ойнаған әрбір актердің жұлдызын жақты. Жарты ғасырдан астам уақытты тарих қойнауына жіберіп те бүгін біз «Менің атым – Қожа» туралы сөз қозғап отырсақ, ол өлмес классика тудырған қос алыптың қайталанбас суреткерлік қолтаңбасының құдіреті болса керек.
Балалар • 25 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Жолдауында «Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндеттер тұр» деген еді. Сондай негізгі міндеттердің қатарында 2-6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту мәселесі де бар.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда алғаш рет: Электронды аукциондардан рекордтық 2,5 млрд теңге
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел аумағын геологиялық-геофизикалық зерделеуді кеңейтумен белсенді айналысады. Мақсат - 2026 жылға қарай зерттеу аймағын ағымдағы 1,5 миллионнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін арттыру. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 25 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Б.Ельцин атындағы кітапханаға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023
Қазір талдықорғандықтар Жетісудың орталығын шағын шаһар санамайды. Зәулім үйлер мен әсем ғимараттар жыл санап артып, жаңа шағын аудандар түрленіп келеді. Жылдар бойы қордаланып қалған тұрғын үй мәселесі де шешімін тауып жатыр. Маңайындағы ауылдар мен саяжайлар көгілдір отынға қол жеткізіп, ауыз сумен қамтамасыз етілді. Қала басшысы Ернат Бәзіл халық ішінде жүр, әрбір тұрғын мәселесін әкімге ашық айта алады.