Үкімет • 25 Желтоқсан, 2019
Б. Нұрымбетов «Еңбек» бағдарламасы бойынша айтып берді
Үкімет алаңында өткен баспасөз конференциясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамтудың әртүрлі формаларымен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2019
Әулиеатада «Әуендер әлемі» алаңы ашылды
Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай, бүгін Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық Мәдениет үйінің маңынан «Әуендер әлемі» атты алаңның ашылу салтанаты өтті. Аталған аймақ осы уақытқа дейін қараусыз жатқан болатын. Бүгінде бұл аумақ қайта жаңғыртылып, 700 шаршы метрден асатын алаңға айналды.
Руханият • 25 Желтоқсан, 2019
Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына Шымкенттен арнайы делегация келді
Жыр алыбының есімімен аталатын Жамбыл облысының тұрғындары өңірдің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019
Латын графикасына көшіру жұмыстарын ғылыми тұрғыдан зерделеу қажет
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі қазақ тілін жаңғыртуға байланысты айтқан ойлары бойынша Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен жиын өтті.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2019
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі жылды қорытындылады
Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сейсенбіде Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз жиынын өткізіп, жылды қорытындылады және журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.