Президент • 25 Желтоқсан, 2023
Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023
Арқа төсінде ерен еңбегімен, адамдық келбетімен, саналы ұрпағымен ізі қалған жандардың бірі – Сайлау (Енжіл) Сәбитұлы. Ол зиялыларды баудай түсірген 1937 жылы Бұланты өзенінің бойындағы Ақжал қыстағында дүниеге келген. Ал орта білімді Қарсақбай кентіндегі мектептен алған. Одан кейін білімін жетілдіріп, бір мамандықтың иесі атануға бел буған кейіпкеріміздің таңдауы сол уақытта қазақ ортасы зәру болған дәрігерлікке түседі.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2023
Қуандық Бишімбаевтың әкесі министрге журналистердің үстінен шағым түсірді
Өз әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі БАҚ өкілдерінің үстінен полицияға шағымданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ән • 25 Желтоқсан, 2023
Көкжиектегі бұлттай көшкен жылдар тізбегіне көз тастағанда ондаған ойдың құрсауында қалатынымыз бар. Бірде деректі, бірде дерексіз дүниелер сананы сан саққа жүгіртеді. Өткенге қарайлап отырып, тұңғиыққа батасың, кіршіксіз кісінің көңіліне сиядай немесе қылаудай болсын дақ түсірдім бе деп те ойға шомасың.
Таным • 25 Желтоқсан, 2023
Әлқиссаны аңыздан бастайық.Бірде Прозерпина құрбыларымен өзен жағасынан гүл теруге барып, жерасты құдайының көзіне түседі. Плутон оның Адониске деген сезімін біле тұра, қызды күймеге отырғызып ала қашады. Желмаядай жүйткіген күйменің алдында жер қарс айырылып, сүйгеніне қолы жеткен Плутон өлілер мекеніне еніп кете барады. Алайда Церера жанына жақын, нәзік қызын шарқ ұрып жүріп іздеп тапқан соң, оны қайтарудың амалын ойлайды. Плутон қаламаса да, жіберуге мәжбүр болады. Кетерінде қызға анар ұсынады. Неше күн бойы нәр татпаған тұтқын қыз жемісті қомағайлана жеп қояды. Аңғал ару жерасты құдайы қып-қызыл лағыл іспетті дәндерді «Сүйгенім жерасты патшалығын ұмытпасын, маған қайта оралуды қаласын» деген ниетпен бергенін білмеген еді. Міне, содан бері Прозерпина алты айын тірілер, алты айын өлілер мекенінде өткізеді деседі.