Білім • 31 Желтоқсан, 2025
Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды
2026 жылғы қаңтар айында өтетін тестілеуге 187 мыңға жуық адам ниет білдірді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. ҰБТ 10 қаңтар − 10 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мереке • 31 Желтоқсан, 2025
Әлем елдері жаңа жылды қалай қарсы алады?
Әлем халықтары үшін Жаңа жыл – күнтізбедегі жаңа күн емес, үміт пен жаңарудың, өткенге есеп беріп, болашаққа сеніммен қараудың бастамасы. Жер шарының әр түкпірінде бұл мереке әртүрлі аталып, әрқилы дәстүрмен тойланғанымен, жаһан жұртын жақсылыққа деген сенім біріктіреді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2025
Әкім 100-ден астам инвестормен кездесті: 2025 жылы Абай облысына қанша млрд қаржы тартылды?
Биыл Абай облысында оң өзгерістер мен нақты қадамдарға толы жыл болды. Инфрақұрылымнан бастап өндіріс, ауыл шаруашылығы, инвестиция және әлеуметтік салаға дейінгі бағыттарда қолға алынған жұмыстар өңірдің даму қарқынын айқын көрсетті. Өңірдегі өзгерістер мен атқарылған істерге ресми ақпараттық ресурстары негізінде шолу жасап көрген едік.
Елорда • 31 Желтоқсан, 2025
Елорданы бір-ақ сәтте қар басты: коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді
Астанада толассыз қар жауып жатыр. Қолайсыз ауа райына байланысты елордадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, қаланы тазалау жұмысын тәулік бойы жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Балалар • 31 Желтоқсан, 2025
«Жас ұлан» ұйымының басты миссиясы қандай?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз», деген еді. Осы орайда жылдар бойы өкше басқан буынды елжандылыққа, жауапкершілік пен белсенді азаматтық ұстанымға бейімдеп, жүйелі жұмыс жүргізген ұйымның бірі – «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі. 2011 жылдан бері миллиондаған оқушыны басын біріктірген ұйым басшысы Ақнұр Тұрдалиевамен әңгімелесудің сәті түсті.