Төтенше жағдай • 29 Желтоқсан, 2025
Ақтауда түнде автокөлік өртенді
Ақтаудың 33-шағынауданында түнгі уақытта жеңіл автокөлік өртеніп, оқиға орнына құтқару қызметі жедел жетті. Зардап шеккендер жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында жыл ішінде санавиациямен 243 науқасқа көмек көрсетілген
Атырау облысында жыл басынан бері медициналық авиация қызметін 243 пациент пайдаланған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, 59 науқас ұшақпен, 19 адам тікұшақпен, ал 156 пациент автокөлікпен мамандандырылған медициналық мекемелерге жеткізіліпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 29 Желтоқсан, 2025
Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот органының кеңейтілген кеңесін өткізді. Кеңес жұмысына Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, Жоғарғы Соттың сот алқалары мен Сот әкімшілігінің, кассациялық, облыстық және оларға теңестірілген соттардың басшылығы, сондай-ақ республика судьялары бейнебайланыс форматында қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 29 Желтоқсан, 2025
Алматы облысында жаңа клиника жұмысын бастады
Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 324 маман қамтылған және заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған жаңа емхана бой көтерді. Нысанның ашылу салтанатына басқарма басшылары, жергілікті атқарушы органдар және медицина саласының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Желтоқсан, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясын дамытудың 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасы бекітілді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.