Елорда • 26 Желтоқсан, 2022
Астанада автобус карталары қымбаттайды
Елордадағы автобустарда көлік карталарын шығару және қайта шығару бағасы өседі. Бұл туралы Egemen.kz Сity Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Президент • 26 Желтоқсан, 2022
Мемлекет басшысы Санкт-Петербургтегі президенттік кітапханаға барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургтегі Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға барды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2022
Соттар да сыбайлас жемқорлыққа ұрынған ба?
Қараша айында «Egemen Qazaqstan» газетіне «Солқылдақ сот әділетті Қазақстанға қалай қызмет етеді» деген бір беттік көлемді мақаламыз шықты. Қысқаша ғана мазмұнын еске түсірер болсақ, мақалада Мұқаш Қабдіров деген азаматтың саяси қуғын-сүргіннің зардап шегушісі болып сот арқылы танылғаны, облыстық прокуратура оны ақтағаны айтылған. Енді қуғын-сүргіннің зардап шегушісі ретінде оның тұрғын үй талап еткені (өйткені тұрғын-үй жағдайын жақсартуды сұрап 2010 жылдан бері кезекте тұр), бірақ Петропавл қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының комиссиясы сол үйді бергенде оның отбасы мүшелерінің саны 5 адам екенін, өзінің үшінші топ мүгедегі екендігін ескермей төртінші қабаттан бір-ақ бөлмелі үйді жекешелендіру құқығынсыз бергені, ал Қабдіров жеделсатысы жоқ үй болған соң мүгедектігіне байланысты төменгі қабаттан үш бөлмелі үйді заңға сәйкес жекешелендіру құқымен беруді екі жылдан бері талап етіп, соттасып жүргені туралы жазылған. Судьялардың алдымен бір шешім шығарып, бірақ орындаушылық қағаз бермей артынан өздерінің шешімінен тайқып, басқа шешім қабылдап, адамды әбден әуре-сарсаңға салғандығы, сол себепті құқығын таптап жүргені айтылған. Осы оқиғаға қайта оралуға тура келіп отыр.
Елорда • 26 Желтоқсан, 2022
Астанада қала әкімінің шыршасы өтті
Елордада әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында қала әкімінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» атты жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Биыл Астананың бүлдіршіндері үшін қысқы мереке Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған балалар жылы аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2022
Жапонияда ауа райының қолайсыздығынан 17 адам қаза тапты
Жапонияның басым бөлігінде соңғы 10 күнде жауған қалың қар 17 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz The Japan Times-қа сілтеме жасап.