Қоғам • 04 Қаңтар, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «2022 жыл Балалар жылы» деп жарияланды. Тәуелсіз ел болғалы балаларға арнайылап ден қойып, маңыз беріп жатқанымыз осы шығар. Біреуін ескереміз, біреуін ескермейміз, жыл сайын балаларға қатысты қаншама құқық бұзушылық, қылмыс, оқыс оқиғалар болып жатады. Шын мәнінде соның барлығы терең зерделеуді, тегеурінді тәртіпті қажет етеді. Бүгін балаға мән бермеу – еліңнің ертеңіне тоңтеріс қараумен бірдей.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2022
Газ бағасын қымбаттатуға байланысты тергеу басталды
Бірнеше күннен бері Маңғыстау өңірінің халқы 120 теңгеге қымбаттаған сұйытылған газдың бағасын 50 теңгеге түсіруді талап етіп, наразылықтарын білдіріп жатыр. Ал салаға жауапты Энергетика министрлігі нарықтың тартымдылығын арттырып, инвестиция құю үшін қолданыстағы тарифті көтеруден басқа амал жоқ екенін айтты.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2022
Оң нәтиже оң өзгерістерге бастайды
Жалпы жұрттың, оның ішінде жастардың спортпен айналысуы құптарлық жағдай. Халқымыз ежелден ұстанған саламатты өмір салты бүгінде жалғасын тауып, жаңа деңгейге көтеріледі. Еліміздің әрбір аудан, ауылдарында бүгінде спорт нысандары көптеп салынып, мемлекет тарапынан тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Нәтижесінде, көптеген жас спорт саласында жетістіктерге жетіп, ел мерейін асыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты былтырғы Жолдауында «Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын», деген болатын.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2022
Карамат Шалабаева: 2022 – береке мен отбасы жылы
Қазақ халқының өмірінде әртүрлі мәнге ие әрі жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. Тәжірибелі нумеролог, психолог Карамат ШАЛАБАЕВА сандардың адамзат өміріне әсері туралы әңгімелеп, барыс жылында қалай табысқа жетудің, денсаулықты жақсартудың құпиясымен бөлісті. Он бес жылға жуық нумерология саласын зерттеп жүрген ол Қазақстанда, кейіннен Ресей, Украина, Үндістан мен Тибетте білім алған. Былтыр Muzzone телеарнасының жобасы аясында нумерологтардың алғашқы ондығына енді. «2020 – жыл нумерологы» атағын жеңіп алған.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2022
Миллиондарды әкесі мен жарынан, ұлынан айырған Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы ұмытыла қоймас, сірә. Сол соғысқа аттанған жалғыз ұлын 30 жыл күткен ананың бірі – Сәнді Деңгелбайқызы.