Қаржы • 27 Желтоқсан, 2022
Елімізде микроқаржы ұйымдарының әлеуеті артып келе жатыр. Бір жылда МҚҰ активтері 55 пайызға, ал несие беру көлемі 58 пайызға өсім көрсеткен. 2022 жылдың маусымындағы дерек бойынша елімізде 243 МҚҰ жұмыс істейді. Бұл 2021 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 12 пайызға көп.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2022
Мұнай-газ саласының көрнекті тұлғасы Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин туралы сыр Тіршілікте байқайтынымыз – адам қандай асулардан асып, биік белестерге шықса да, мәртебелі билікке, ықпалды дәулетке қол жеткізсе де, қаншама жыл өтсе де әкесінің қанымен, анасының сүтімен берілетін тума қасиеттері аса өзгеріске түсе қоймайды. «Асыл адам айнымас» деген осы. Тектілік – адастырмас темірқазық. Қазақстан мұнай-газ саласының қарымды қайраткері Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдиннің тұла бойына біткен тума қасиеттері естігенді қызықтырады, көргенді қайран қалдырады.
Саясат • 27 Желтоқсан, 2022
«Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев Ақтөбе өңіріне жұмыс сапары кезінде аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен Президенттің сайлауалды бағдарламасын қолдау бойынша кездесу өткізді.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2022
Жер қойнауын пайдаланушылар Энергетика министрлігінің ішкі нарықта шикі мұнайдың барлық өндірілген көлемін сату үшін бірыңғай оператор құру бастамасына қарсы шығып жатыр. Кәсіпкерлер аталған мәселе бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінді.
Президент • 27 Желтоқсан, 2022
Алматыда қаңтар қасіретіне арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Ақ-қара ескерткіштердің бірінде Бұқар жырау толғауынан мынандай үзік жазылған: «Жақындап ажал тұрса да, жанына қылыш ұрса да... Үмітін жоймас адамзат!». Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар құрбандарына арналған мемориалдың ашылу рәсіміне қатысып, қасіретті күндер бәріміз үшін үлкен сабақ болғанын айтты. Мемлекет басшысы елдің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау перзенттік парызымыз екенін еске салды.