Мәдениет • 29 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген 2025 жылғы Чехия хит-шеруінің жеңімпазы атанды
Димаш Құдайберген чехиялық «ÓČKO CHART» музыкалық жобасында кезекті мәрте топ жарып, 2025 жылдың жеңімпазы мәртебесін иеленді. Өнерпаз бұл байқауда өзінің екі бірдей туындысымен бақ сынаған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 29 Желтоқсан, 2025
Ғалымжан Кенжебек «Елімай» клубындағы мансабын аяқтады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен семейлік «Елімай» клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек Ресей чемпионатында өнер көрсететін грозныйлық «Ахмат» клубына ауысты. Бұл команданы қазір бұған дейін ұлттық құраманы жаттықтырған Станислав Черчесов баптайды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2025
Автокөліктерді қай өңір көбірек өндірді?
2025 жылғы қараша айында 25,8 мың жеңіл автокөлік сатылып, рекорд жаңарып отыр. Оның 7,8 мыңы Қостанайда құрастырылған Chevrolet көліктеріне тиесілі. Одан кейін Hyundai (5,3 мың) және Kia (2 мың) маркалары тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Желтоқсан, 2025
Мереке күндері ауа райы 15 градусқа дейін жылынады
«Қазгидромет» синоптиктері еліміздегі суық антициклонды оңтүстіктен келетін жылы циклон ығыстыратынын хабарлады. Болжам бойынша, мереке күндері оңтүстік өңірлерде күн күрт жылынса, орталық аймақтарда жауын-шашын қарға ұласады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Желтоқсан, 2025
Биыл білімге қаржы жинайтындар көбейді
Дәстүрлі мемлекеттік білім беру гранттарымен қатар, жоғары білім алудың жаңа тетіктері де енгізіліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген ерікті жинақтаушы білім беру жүйесі осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл жүйе 2024 жылдан бастап іске қосылып, ата-аналарға баланың ерте жасынан бастап болашақтағы білім алуына қаржы жинауға мүмкіндік беріп отыр. Жаңа тетік жоғары білімге қаржылық қолжетімділікті арттыруға және білім беру саласын ұзақ мерзімді тұрғыда тұрақты дамытуға бағытталған.