Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2018
Жылдың айшықты оқиғаларын атап өтті
Ел өміріндегі елеулі мәселелер өзек етілетін «Ашық диалог» телебағдарламасында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 2018 жылдың айшықты оқиғаларына, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан елдік маңызы зор іс-шараларға тоқталды.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2018
KASE ширек ғасыр ішінде қарқынды дамып келеді, бүгін де осы екпіннен жаңылмайды
16 қарашада болып өткен Биржалық форум әлемдік қор нарығының жаңа трендтерін толық көлемде көрсетті: интеграция, цифрлау, классикалық шектерден шығатын, биржаның функцияларын түбегейлі кеңейту. Биржалық лексикон жаңа терминдермен толықтырылды – краудфандинг, стартап-сауда-саттық алаңдары, блокчейн... Осы реалиялар қаржы нарығының да, қор нарығының да жуырдағы күн тәртібін түзетеді деген пікірді конгреске қатысушылар бірауыздан мақұлдады.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2018
Алматыда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті, сәндік қолданбалы өнер кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің «Саз балшықтың сыры» атты топтық шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Ańshylyqtyń bir túri qaqpan qurý
Búginginiń ańshysyn, ańshylyq saltyn áńgimege arqaý eter bolsań, kóz aldyńa birden muzdaı qarýlanǵan, jalańdaǵan brokenerler elesteıdi. Janaryna ilikken, kózine túsken ańdy otty qarýymen alysta turyp-aq jer jastandyratyn mundaı ańshysymaqtardyń is-áreketterin estigende janyń túrshigedi, júregiń aýyrady. Eger olarǵa memleket tarapynan qatań baqylaý bolmasa, dalamyzdaǵy baǵaly ańdarymyzdy, «Qyzyl kitapqa» engen túz taǵylaryn áldeqashan túgesip alar ma edik, kim bilsin?
Руханият • 24 Желтоқсан, 2018
Тұлғатану ғылымын қалыптастыру қажет
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы халқымыздың мәртебесін тағы бір көтеріп тастады. Сонымен бірге Ұлы даланың қасиетін, онда қалған ата-баба ізі адамзаттың даму тарихына қосылар үлкен үлес екенін тағы бір айқындап бергендей. Мақалада айғақталған мәліметтер мектеп оқушыларынан бастап, аға ұрпақ өкілдері арасында талқылануы қажет деп ойлаймын.