Экономика • 26 Желтоқсан, 2019
Сексеуіл ұлттық брендке айналуы мүмкін
Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінен мәлім болды.
Экономика • 26 Желтоқсан, 2019
Мойнақ ГЭС-і еліміздің оңтүстігіне қажет электр энергиясын өндіреді
Желтоқсанның ортасына қарай Мойнақ ГЭС-і электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты. 19 желтоқсандағы жағдай бойынша МГЭС-тің электр энергиясын өндіруі жылдық жоспардағы 906 млн кВт сағаттың орнына 924,2 млн кВт сағатты құрады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Жұмысы жүйелі Қордай ауданы немесе өңірде атқарылған жұмыстар жайында
Қордай ауданы тұрғындардың саны мен жерінің аумағы жағынан облыс аудандары арасында көш бастап тұрғандықтан бұл жерге деген көзқарас ерекше. Бір жағы қырғыз елімен, бір жағы Алматы облысымен шектесіп жатқан ауданның стратегиялық маңызы да жоғары. Сондықтан экономикалық мүмкіндігі мол, тоғыз жолдың торабында жатқан ауданнан күтер үміт те көп.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Тірлігі берекелі өңір – Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы 30 пайызға өсті
Жыл соңы есеп-қисаппен, яғни он екі ай бойғы еңбек қорытындыланып, алдағы уақытқа жаңа жоспарлар жасалуымен ерекшеленетіні мәлім. Бұл орайда Түркістан облысында ауыз толтыра айтарлық жұмыстар атқарылып, жыл оң өзгерістерге толы болды. Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндаған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақта өндіріс саласы 5,5 пайызға, ауыл шаруашылығы мен инвестиция 25 пайызға, тұрғын үй құрылысы 30 пайызға өскенін атап өтті. Ал келесі 2020 жылдың қазан айына Түркістан қаласының ресми таныстырылым рәсімі жоспарланып отыр.
Саясат • 26 Желтоқсан, 2019
Маңызды міндетке – жауапты көзқарас
Тұрақтылық – билік пен бұқара арасындағы сенімнен құралады. Ұлт жоспары әділеттілікке бағытталған кірпіштен қаланатын болса, онда ол елдің егемендігі мәңгі, тәуелсіздігі тұғырлы деген сөз. Міне, соған сай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі – жемқорлық көріністерінің алдын алу және оны болдырмау, сондай-ақ азаматтардың бойына адалдықты, әділеттілікті, парасаттылықты сіңіру.