Президент • 29 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті, деп жазады Ақорда.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
2025 жылы БАҚ-та қандай тақырыптар жиі талқыланды?
2025 жыл Қазақстан үшін қоғамдық пікірдің, мәдени серпілістің және саяси-әлеуметтік талқылаулардың тоғысқан кезеңі болды. Жыл бойы ел назарында тарихи мерейтойлар, әлемдік деңгейдегі концерттер, спорттағы жетістіктер мен даулы істер, сондай-ақ халықты алаңдатқан әлеуметтік және заңнамалық бастамалар тұрды. Күнтізбе ауысар тұста биыл БАҚ пен әлеуметтік желіде талқы таразысына түсіп, елді елеңдеткен маңызды оқиғаларды еске түсіреміз, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
2025 жылы Қазақстанда қандай даулы мәлімдемелер болды?
Қазақстан үшін 2025 жыл – экономикалық немесе инфрақұрылымдық өзгерістермен ғана емес, қоғамдық пікірді қақ жарған мәлімдемелер мен бастамалармен есте қалды. Бұлардың кейбірі халықаралық қарсылық туғызса, енді бірі ел ішінде талқыға түсті. Әсіресе ЛГБТ, уақыт белдеуі, тіл мәселесі қоғамда көбірек дау нысанасына ілінді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді
Өңірлік «Оңтүстік» қолбасшылығына қарасты Тараз гарнизоны тек жауынгерлік даярлығы мен тәртібімен ғана емес, ерекше құрамымен де көзге түседі. Мұнда бірден бес жұп егіз ағайынды сарбаз мерзімді әскери қызмет атқарып жүр. Олардың әскердегі ортаға тезірек бейімделуі үшін егіздерді бір-бірінен бөлмеу туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Мереке күндері пойыз бен ұшақ кестесі қалай өзгереді?
Жаңа жыл қарсаңындағы сапарлар әрқашан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Алыс жолға шыққан азаматтарды қамтамасыз ету мақсатында Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) жолаушылар үшін маңызды шешімдер қабылдады. Мереке күндері әуе рейстері мен пойыздардың саны артып, жаңа буынның вагондары жолға шықпақ. Ең бастысы – халықтың көкейінде жүрген билет бағасының өсуіне қатысты сауалға нақты жауап берілді, деп жазады Egemen.kz.