Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2018
Алматылық балдырғандар Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты
Алматыдағы Қабылдау үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шырша өтті. Мерекелік шыршаға балалар үйлерінің 200-ден астам тәрбиеленушілері, ерекше қамқорлықты қажет ететін балдырғандар, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары қатысты. Мемлекет басшысы өзінің видеоүндеуінде кішкентай алматылықтарды алғашқы болып құттықтады.
Өнер • 24 Желтоқсан, 2018
Қобыз жасауды үйрену үшін басымды қатерге тіккенмін (Фоторепортаж)
Хоккей • 24 Желтоқсан, 2018
Канадаға баратын хоккейшілер анықталды
27 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында Канадада шайбалы хоккейден жастар арасындағы (U20) әлем чемпионаты өтетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз. Айтулы жарыста Қазақстан қандай құрамда өнер көрсететіні күні кеше белгілі болды.
Әлем • 24 Желтоқсан, 2018
Қазақ тілінің Варшавадағы жанашыры - Вячеслав Чернев
Варшавада қазақ жерін мекен етпеген, арнайы оқымаса да ана тілімізде еркін, тіпті мақал-мәтелдерді қоса дәмін келтіре сөйлейтін бір ерекше азамат тұрып жатыр. Тағдыры балғын шағынан өзіне зағиптықты серік еткенімен, жасы әлі жиырма беске толмаған кейіпкеріміздің бойындағы ерік-жігері жоғары, ал өмірлік мақсаты айқын. Ол Варшава университеті, Шығыстану факультетінің докторанты, оншақты тілді еркін меңгерген полиглот, туысқан башқұрт тілін оқытудың өзіндік әдістемесін жасап шыққан, бүгінде башқұрт уикипедиясының әкімгері болып табылатын – Вячеслав Чернев. Осы орайда талантты да талапты жас жігітті арнайы іздеп барып, әңгімеге тартқан едік.
Әлем • 24 Желтоқсан, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Индонезияның Зонд бұғазы жағалауындағы цунами салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.