Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Елордада полиция қызметіне көмек көрсеткен 500-ге жуық азамат марапатталды
24 желтоқсанда қалалық полиция қызметі басқармасы қоғамдық көмекшілермен 2019 жылдың қорытынды кездесуін өткізді. Шара барысында елордалық ПД басшылығы ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, қылмыстарды ашуға ат салысқан қоғамдық көмекшілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін мадақтама қағаздарымен, бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапаттады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
СҚО-да Үкіметтік емес ұйымдардың жылдық нәтижесі қаралды
Кеше СҚО әкімінің орынбасары Руслан Әлішев облыстағы бірнеше аудандағы ҮЕҰ жұмысының жылдық нәтижесін қарап, алдағы уақытқа белгілеген жоспарларын талқылаған отырыс өткізді.
Руханият • 26 Желтоқсан, 2019
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2019
Ақтөбеде тәуелсіздікке арналған ескерткіш ашылды
Ақтөбе қаласында биылғы жылы бой көтерен ескерткіштердің арасында Тәуелсіздік тұғыры айырықша архитектуралық ажарымен көз тартады. Мұнда мемлекеттік рәміздер – Елтаңба мен Гимннің кескіндері көркемдік шешімін тапқан. Ең бастысы сәулет өнері туындысында жалғыз тәу етеріміз – тәуелсіздіктің қадір-қасиеті мен құндылығы мен мұндалап тұр. Осындайда дана Абайдың «Сылдырап өңкей келісім, Тас бұлақтың суындай» деген ойлы орамдары еске түсе береді.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
«Өскемен – Алматы» бағыты бойынша қатынайтын №351 жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді. Виктория Марочкина бойы 46 см, ал салмағы 2,7 кило ұл баланы жарық дүниеге әкелді.