Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Кәсіпкерлерге «Халық бухгалтері» көмектеседі
Жылдың алғашқы айынан жаңа Салық кодексі күшіне енді. Осыған байланысты Қаржы министрлігі кәсіпкерлерге салық есебін жүргізуге көмектесу үшін «Халық бухгалтері» акциясын іске қосты.
Жасанды интеллект • 06 Қаңтар, 2026
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Цифрлық елге айналуды мақсат еткен ел үшін бұл – стратегиялық жоспарды орындауға деген нақты қадам. Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында: «Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. Халқымыздың ой-санасы мұндай инновацияларға дайын екеніне сенімдімін. Қазақстан да экономика мен қоғамдық өмірге жасанды интеллектіні енгізуге басымдық беріп жатыр. Еліміздің бұл жұмысқа қатысты бастапқы мүмкіндіктері жаман емес», деді.
Жоба • 06 Қаңтар, 2026
Стоматология жұмысын жүйелеген
«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы аясында жаңа буын компаниялар таныстырылып жатыр. Сондағы ерекше көзге түскен жобаның бірі – «MacDent». Бұл – стоматологиялық клиникаларға арналған аналитика, пациенттермен жұмыс және толыққанды басқару жүйесін ұсынатын платформа.
Саясат • 06 Қаңтар, 2026
Жұртшылықпен орайлы кездесу бастады
Жылдағы дәстүрге сай Мәжіліс депутаттары кеше кезекті мәрте өңірлерге шығып, сайлаушылармен кездесу өткізуге кірісті. Мәжілісмендер депутаттық сапарларын Астана қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарынан бастады.
Ғылым • 06 Қаңтар, 2026
Күнтізбе парағы ауысқанда әркім жаңа жылды өз танымымен қарсы алады. Бірі жақындарына хабарласып алғыс айтады, бірі балалық шақтағы сәулелі сәттерін еске алады, енді бірі өткенге ой жүгіртіп, болашаққа жоспар құрады. Ал білім мен ғылым саласының өкілдері үшін жыл ауысуының мәні қандай, жаңа жыл қарсаңында олар кімге тілек айтып, жастарға қандай бағыт-бағдар ұсынады? Мереке кезінде ректор, университет деканы, ғылыми кеңесші және білім саласындағы кәсіпкердің жаңа жыл туралы ой-толғамы мен ақжарма тілегін ұсынып отырмыз.