Пікір • 06 Қаңтар, 2026
Жаңғырудың ғылыми өзегі: Президент сұхбаты және Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты елдің қазіргі даму кезеңін сипаттайтын бағдарламалық саяси-қоғамдық құжат деуге толық негіз бар. Бұл сұхбатта Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа сапалық сатысына өту логикасын, институционалдық реформалардың өзара байланысын және ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтарды айқын, прагматикалық тұрғыда көрсетеді. Ең бастысы, жаңғыру ұран ретінде емес, басқару жүйесін, қоғамдық сананы және шешім қабылдау мәдениетін түбегейлі өзгертуге бағытталған ұзақмерзімді үдеріс ретінде қарастырылады.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
Елдік мақсаттың айқын межелері
Әр жаңа жыл Мемлекет басшысының бағдарламалық сұхбатымен басталады. Онда өткен жылдың негізгі нәтижелері қорытындыланып, болашақ бағыт-бағдарымыз айқындалады. Қалыптасқан бұл тәжірибе кейінгі жылдары еліміздің саяси өміріне нық орнығып, қоғамдық диалог пен мемлекеттік мақсат қоюдың маңызды құралына айналды.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
ЖИ саласында көшбасшы болуға мүмкіндігіміз бар
Цифрландыру мен жасанды интеллект саласында Қазақстан бренд елге айналуы керек. Бұл бағытты мемлекеттің дер кезінде байқап, қазір соған сай стратегиялық шешімдер қабылданып жатқаны шын мәнінде қуантады.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
Стратегиялық дамудың бедерлі белесі
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл басында мерзімді баспасөзге сұхбат беруі саяси дәстүрге айналды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы «Turkistan» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлымен әңгімелесіп, еліміздің қазіргі ахуалына және алдағы даму бағдарына кеңінен тоқталды.
Пікір • 06 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы әр жылдың басында танымал ұлттық басылымға сұхбат беріп, қоғамды толғандырған сұрақтарға тұшымды жауап қатуы – игі дәстүрдің жөні. Осыған дейін «Egemen Qazaqstan», «Ana tili» газеттеріндегі, биыл «Turkistan» басылымындағы Президент сұхбатының қай жағынан алсаңыз да мәні айрықша.