Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2017
Қарағандыда «Қазақстан корейлері» атты фотокөрме ашылды
Жуырда Қарағандыдағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазақстан корейлері» атты фотокөрме ашылды. Ол корейліктердің Қазақстанда тұрып жатқандарына 80 жыл толуына, сондай-ақ Корея мен Қазақстанның арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанына 25 жыл толуына орайластырылыпты. Фотокөрмеде корейлік фотограф Ким Джин Соктың туындылары келтірілген.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2017
Бағдарламалар • 25 Желтоқсан, 2017
Таразда «Бір кітапты бір мезгілде оқу» акциясы өтті
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде «Рухани қазына» кіші бағдарламасының «100 кітап» жобасы аясында Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Бір кітапты бір мезгілде оқу» акциясы өтті. Тараз қаласындағы Д.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған шара барысында талқылауға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы таңдалды.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2017
Сот тілі қазақша сөйлемей тұр...
Ақмола облысы хандар қосын тіккен, сал-серілері сауық құрған, батырлары ерлік көрсеткен қасиетті мекен саналады. Алайда кеңестік жүйенің ықпалымен өңірде жергілікті тұрғындар арасына сына қағылып, ана тілдерін ұмыттыруға үлкен күш салынғаны белгілі. Соның салдары бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Тек соңғы жылдары ғана, онда да облысымызда қандас бауырларымыз санының арта бастауымен қазақ тіліне деген көзқарас біртіндеп жақсара түскендігін көріп отырмыз. Соның бір дәлелі – Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміровтің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілдің сот төрелігі саласындағы кеңістіктері мен кедергілері» тақырыбында өткізген дөңгелек үстелі.
Театр • 25 Желтоқсан, 2017
Темірбек Жүргенов жайлы жазылған тарихи драма сахналанды
Сонау отызыншы жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметін атқарған әрі ұлт руханиятының жанашыры бола білген Темірбек Жүргенов еді. Осы орайда отызыншы жылдары қазақ өнері мен мәдениетінің және оқу-ағарту жүйесінің дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген тарихи тұлғаның сахналық образы ең алғаш рет белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың «Темір нарком» тарихи драмасы арқылы сомдалғанын айтуға тиіспіз. Жақында аталған туынды Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының сахнасында қойылды.