Медицина • 26 Наурыз, 2026
Суық маусымнан жылы кезеңге өту аралығы: Балаларды тұмау мен вирустан қалай қорғау керек?
Көктем – жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін кезеңі. Қыста уақыттың басым бөлігін жабық нысандарда өткізетіндер үшін көктеммен бірге жететін маусымдық жылыну мәселе туындатуы мүмкін. Бұл бала ағзасына айтарлықтай салмақ түсіреді. Қыс бойы әлсіреген иммунитет бұл уақытта түрлі вирус пен тұмауға бейім келеді. Сондықтан бала денсаулығына бейжай қарамай, иммунитетті күшейту, пайдалы ас, ағзаға тапшы дәруменмен қолдау – аса маңызды. Дәрігер мамандар дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау және дер кезінде алдын алу шараларын қолға алу арқылы көптеген аурудың алдын алуға болатынын жиі еске салады. Осы орайда отбасылық дәрігер Гаухар Жұматқызынан көктемде балалардың денсаулығын сақтау мен иммунитетін нығайтудың тиімді жолдары туралы сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Наурыз, 2026
Жағдайы ауыр екі науқас Түркиядан елге аман-есен жеткізілді
24 наурызда ауыр жағдайда жатқан екі Қазақстан азаматы Түркиядан арнайы медициналық рейспен елге аман-есен жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 26 Наурыз, 2026
28 наурызда онкологиялық орталықтар келушілерді тегін қабылдайды
28 наурыз күні еліміздің барлық өңірлік, қалалық және облыстық онкологиялық орталығында бірыңғай ашық есік күні өтеді. Бұл күні медициналық мекемелер келушілерді тегін тексереді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 26 Наурыз, 2026
Қазақстан QS 2026 пәндік рейтингіндегі позициясын нығайтты
Отандық жоғары оқу орындары әлемнің үздік университеттерін айқындайтын QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингінде өз орнын нығайта түсті. Бұл – елдің білім беру жүйесінің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсететін маңызды көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Наурыз, 2026
Ішінде жүкті әйел болған: Ақтөбеде жедел жәрдем көлігі аударылды
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан жедел жәрдем көлігі аударылды. Оқиға қаладағы Сәңкібай батыр даңғылы бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.