Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Елімізде тек шетелдіктер кіре алатын казинолар салынады
Туризм саласын дамыту мақсатында еліміздің бірқатар өңірінде ойын аймақтарын салу мүмкіндігі бойынша әлеуметтік-экономикалық зерттеу жүргізілді. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, жаңадан салынатын ойын аймақтары тек шетелдік туристерге қызмет көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
8 қаңтарда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 508,91 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 3,19 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 қаңтарға белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 512,83 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Түнгі уақытта бақылаусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды
Қысқы каникул күндерінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген рейдтер барысында Ақтөбе облысында түнгі уақытта бақылаусыз жүрген 191 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Соның ішінде бірнеше қайтара тәртіп бұзған 27 кәмелетке толмаған жастың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Алматыда шетелдік азамат есірткімен ұсталды
Алматы қаласында полицейлер есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстаған. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ұсталғандардың бірі шетелдік азамат болып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Сеулден Астанаға бет алған ұшақ Бейжіңге шұғыл қонды
Бүгін Сеулден Астанаға бағыт алған KC210 рейсінде ұшақ дәретханасы істен шығып, Air Astana әуе кемесі Бейжің әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz.