Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Асықтан ұялы телефонға дейін...
Бұрын сайын сахарада атқа мініп, асық ойнап, ата-анасына қамқор болып жүретін балалардың көбі қазір төрт қабырғаға қамалып, қозғалыстан қалды. Әртүрлі технологиялық ойындар мемлекеттік шекарадан асып, мұхиттан өтіп, балалардың санасына сіңіп үлгерді. Қамсыз күйде қолына телефон ұстап, әлдебір түсініксіз ойындарға елігіп отырған балалардың жағдайы бізді сәт сайын үрей құшағына сүңгітеді. Жаңа ойындардың сиқыры мен әлем-жәлем бейнелері балалардың тат шалмаған тап-таза әлеміне қандай әсер етіп жатқанын, құдай білсін!
Мәселе • 09 Қаңтар, 2026
«Сергекке» сенімсіздік неден туды?
Ел тұрғындарының өмірін қолайлы әрі қауіпсіз етуді көздейтін «Сергек» камералары жүйесі туралы қоғамда көзқарас әрқилы. «Құрылғы түсірген жеке деректер өзге елге беріледі», «Компания айыппұлдардан түскен қаражатқа қалтасын қампайтып отыр» деген сынды пікірлер әлеуметтік желілерде желдей есіп жүр. Ресми дереккөздерде жарияланған ақпараттарға қарамастан, ел арасында «Сергекке» деген күмән әлі де сейілмей тұр.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусанов республикалық олимпиаданың ең жас жеңімпазы атанды. Оның математика мен бағдарламалауға қызығушылығы бастауыш сыныптан-ақ байқалған. Қарапайым ойын ретінде басталған әуестік уақыт өте келе нақты мақсатқа айналып, жас өрен күні кеше республикалық Ауыл олимпиадасында информатика пәнінен бірінші орын жеңіп алды.
Пікір • 09 Қаңтар, 2026
Экожүйе қалыптастыруға жол ашады
Президенттің «Turkistan» газетінде жарияланған сұхбатында цифрландыруға ерекше екпін берілгені қуантты. 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғаны біраз нәрсені аңғартқандай.
Білім • 09 Қаңтар, 2026
Қаңтарда ҰБТ-ны 187 мың адам тапсырмақ
Жаңа жылдағы алғашқы ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар айында өтетіні белгілі. Осы тестілеуге қатысу үшін өтінім беру аяқталды. Ғылым және жоғары білім министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, республика бойынша қаңтардағы ҰБТ-ға қатысуға ниеттілердің қатары былтырғыдан көп.