Пікір • 09 Қаңтар, 2026
Әділеттілік және трансформациялық көшбасшылық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген ауқымды сұхбаты қоғамда үлкен серпіліс туғызды. Президенттің биыл дәл осы басылымды таңдауы біз үшін, яғни киелі шаһардағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы үшін айрықша мәнге ие. Түркістан мен Ясауи есімі – бүкіл түркі әлемінің рухани темірқазығы. Сондықтан бұл қадамды Президенттің түркі интеграциясына, ортақ тарих пен болашаққа деген ерекше құрметі деп түсінеміз.
Экономика • 09 Қаңтар, 2026
Әлем банктері доллар жинау дағдысынан бас тартып, резервтерді әртараптандыруды жалғастырып жатыр. Орталық банктер 2026 жылы 900 тоннаға жуық алтын сатып алады деген болжам бар. Демек, ақша нарығындағы тәуекелдерді бағалау алтынның пайдасына шешілетін түрі бар. Сарапшылардың пікірінше, инвестор үшін басты мәселе – алтынның құнында емес, қандай макроэкономикалық режім басым болатынында.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
Өкілді билік тармағы сын-қатерлерді еңсереді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қызылорда облысының жұртшылығымен, еңбек ұжымдарымен, мәслихат депутаттарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен және өңірдегі дарынды жастармен жолықты. Кездесулерде Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатында айтылған бастамалар, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан өңірлерді орталықсыздандыру бағдары мен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы тапсырмаларды іске асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Одан бөлек, бірқатар маңызды бағыт бойынша Сенаттың мәслихаттармен бірлескен жұмысының негізгі басымдықтарына мән берілді.
Шаруашылық • 09 Қаңтар, 2026
Бітік шыққан егін – еселі еңбектің нәтижесі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында өткен жылы ауыл шаруашылығындағы нәтижелер өте жақсы болғанын, астық пен ұн экспорты рекордтық деңгейге жеткенін айрықша атап өтті. Расымен де былтыр елімізде бұрын-соңды болмаған рекордтық көлемде астық жиналды. 16 млн гектар алқаптан гектарына орташа 17 центнер өнім алынып, қамбаға 27 млн тонна астық құйылды.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Ел мүддесіне сай жаңа көші-қон саясаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында Үкімет өткен жылдың аяғында еліміздің 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын қабылдады. Оның негізінде адам капиталы дамып, мигранттарды сапалы іріктеуге негізделген қауіпсіз әрі басқарылатын көші-қон жүйесі қалыптаспақ.