Пікір • 01 Қаңтар, 2025
Ресми жыл басталарда «Өткен жыл несімен есте қалды?» деп сұрақ қоярымыз анық. Психологтердің пікірінше, адамның жадында көбіне ескі жылдың алабөтен және соңғы оқиғалары жатталып қалады. Осы тұрғыдан келсек, әлбетте, есімізде алапат тасқын суды еңсерген елдік қуатымыз, парасатымыз алға шығары сөзсіз. Сол сын сағаттарда бір ақсақал «Елдің күші – селдің күші» деп, табиғат апатына төтеп берердей бата берген еді. Мемлекет басшысының өзі бастап, қауіп-қатер мен қиындықтың өтінде жүргенде халық елдігімізге де, бірлігімізге де сенді. Ал жаз бен күз жалғасар тұста жылдам ақшаңқан үйлер, шағын аудандар тұрғызыла бастағанда мемлекет пен іскер азаматтар күш біріктірсе, шешілмейтін мәселе қалмайтынын өз көзімен көрді. Мұны Алаш заманында «Игілік қоғамы», «игі іс» дер еді.
Зерде • 01 Қаңтар, 2025
Қайраткердің 93 жыл бұрынғы суреті
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Egemen Qazaqstan» газетінің тарихи редакторы («Еңбек туы», «Еңбекші қазақ» кезеңіндегі) Смағұл Садуақасұлының туғанына (1900–1933) 125 жыл толады.
Жәдігер • 01 Қаңтар, 2025
Әлихан Бөкейханның өлкетану мұрасы
Бұл мұра Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Жазба дерек және ақпарат (фото-негатив, құжат) қорында сақталып келген өлкетанушы Л.Ф.Семёнов материалы ішінен шықты. Тапқан – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих мамандығының докторанты, болашақ PhD Нұрлыбек Елкей. Ол Алаш қайраткері Хайретдин Болғанбайға қатысты деректер іздеп жүріп, аталған өлкетанушының «Материалы к характеристике памятников материальной культуры Акмолинского округа» (ҚР ҰМ, негізгі қор № 42571) атты топтамасынан осы жәдігерлікті байқап, сүйіншілеп «Egemen Qazaqstan» газетіне хабарласты. Материал орыс тілінде (мәшеңкеге басылған).
Экономика • 01 Қаңтар, 2025
Экономиканың нақты секторын дамытуға басымдық беріледі
Премьер-министрдің тапсырмасымен экономиканың нақты секторын дамыту мақсатында бірінші көшпелі кеңесті Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қарағанды облысында өткізді.
Мирас • 01 Қаңтар, 2025
Уэслиан университеті және Абай әндері
Иісі қазаққа екі бірдей тұлғаны, яғни аға сұлтан Құнанбай мен оның зерделі ұлы Абайды сыйлаған Зере әжеміздің ойының қаншама ұшқыр, пейілінің қандай кең екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес те шығар. Бірақ оның арманы мен үміті толығымен орындалды десек қателеспеспіз. Ал ұлына ырымдап пайғамбар есімін қойған Құнанбайдың есімі бұл күнде Абаймен бірге аталып, дүниенің төрт бұрышына жетті. Бұл да әке жауапкершілігінің, беделінің бодауынан туған риясыз үміт белгісі болмақ.