Президент • 26 Желтоқсан, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Ресей Президенті Владимир Путин, Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевқатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Желтоқсан, 2023
Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде «bel-bilek» халықаралық шығыс жекпе-жек фестивалі өз мәресіне жетті. Барлық стильдегі каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында өткен додада Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Әзербайжан және Қазақстанның бірқатар өңірінен келген 700-ге жуық спортшы бақ сынады.
Пікір • 26 Желтоқсан, 2023
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Ресей спортшыларына келесі жылы Парижде алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпия ойындарына қатысуға рұқсат бергенімен, оларға бірқатар қатаң шектеу қойып отыр. Нақтылай айтсақ, төртжылдықтың басты додасында көршілеріміз бейтарап команда ретінде өнер көрсетеді. Яғни Францияның бас шаһарында ресейліктерге мемлекеттік рәміздерін пайдалануға тыйым салынды. Тіптен сол елдің саңлақтары жеңіске жеткен жағдайдың өзінде аталған елдің әнұраны шырқалмайды, туы көкте желбіремейді. Дәл осындай талап Беларуське де қойылып отыр.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанай өңірінде 25 желтоқсанда түн ауғанша майда жаңбыр себелеп тұрды да, ертеңінде алай-дүлей ақ боран басталып кетті. Синоптик мамандар желдің күші секундына 30 метрге дейін жеткенін хабарлады. Салдарынан өңірде 113 елді мекен электр жарығынсыз қалды. Тұрғындардың айтуынша, дүлей боран бірқатар тұрғын үйдің шатырын жұлып әкеткен.
Балалар • 26 Желтоқсан, 2023
Балғындарға қуаныш сыйлаған мереке
Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында білім басқармасының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа жыл» атты президенттік жаңажылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды.