Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Түркістан: «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2019 жылы 1695 жас маман жұмысқа орналасты
Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында 2019 жыл - Жастар жылы деп жариялады. Осы орайда, биылғы жылы Түркістан облысында жастар жылын қолдау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып, облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың арнайы тұжырымдамасы әзірленді. Нәтижесінде облыс көлемінде 251 жоба мен шара зерделеніп, Түркістан облысының 4 идеологиялық бағытына сәйкес 11 жаңа ірі жоба жүзеге асты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
Смайыл Мақышов Phillips Exeter Academy мектебін бітіретін тұңғыш қазақ баласы
Қазақстаннан шыққан оқушы-кәсіпкер Смайыл Мақышов биыл Phillips Exeter Academy мектебін бітіреді. Бұл мектеп Niche рейтингісінің басында #1 болып тұрған АҚШ-тағы әйгілі оқу орны. Мәселен, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаған Марк Цукерберг те осы мектептің мақтанышы.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019
АӘК алу үшін 2020 жылғы қаңтар айында да құжат тапсыруға болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев және Еңбекмині Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев Шымкент қаласы және Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Халықты жұмыспен қамту орталықтарының (бұдан әрі - ХЖҚО) қызметкерлеріне және аудан тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - АӘК) берудің жаңа ережелерін түсіндірді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Аягөзде 175 адам тегін грантқа ие болды
Аягөз ауданы бойынша аталмыш грантты 175 адам иеленіпті.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Таразда 40 метрлік алып «Сағат» стелласы бой көтерді
Елімізде тұңғыш рет Тараз қаласының орталығынан алып сағат бой көтерді. Облыс орталығындағы «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніндегі алаңның ортасында орналасқан «Сағат» стелласы еліміздегі ең биік нысанның бірі саналады.