Пікір • 05 Қаңтар, 2025
Бәрі бірдей бәсекеге бет бұрып бара жатқан мына заманда біздің кәсібімізде де бақталастық болатыны белгілі. 24/7 бойы бір тынбайтын, сәт сайын жүздеген мың адам көретін, тыңдайтын теледидар, кез келген жаңалықты сол сәтте жалпақ жұртқа жеткізетін, желіктіре жеткізетін, жақсыға да, жаманға да еліктіре кеткізетін, ішінде жоқ нәрсе жоқ интернет әуелде өздері бастау алған, дәстүрлі, классикалық үлгідегі журналистиканы – баспасөз журналистикасын ығыстырып бара жатқандай көрінетін қазіргі күнде Президенттің «Ana tili» басылымына берген сұхбатындағы «Жазбаша мәтіндердің мән-маңызын төмендетуге болмайды.
Пікір • 05 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылы 3 қаңтарда «Ana tili» газетіне берген: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты кең көлемді сұхбатында өткен жылды қортындылай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың басым бағыттарын белгілеп бергеніне куә болдық.
Технология • 05 Қаңтар, 2025
Тапсырмалар мүлтіксіз орындалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында экономиканың дамуын қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар міндетті айқындады. Осыған орай Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің цифрлы технологияларды дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысу мақсатында ЭКСПО аумағындағы павильон-сфераға барды.
Пікір • 05 Қаңтар, 2025
Қордаланған мәселелер пафоссыз шешімін тауып келеді
Президентіміздің жаңа жылды елдің бүгіні мен ертеңі туралы ой-толғамдарымен бастауы тағы бір саяси дәстүрімізге айналды. Мемлекет басшысы биыл да өзінің ауқымды сұхбатында өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге нақты межелерді белгілеп берді. Ең бастысы, Президент сұхбатында ішкі және халықаралық күн тәртібі төңірегіндегі халықты толғандыратын ең өзекті мәселелерге нақты әрі толыққанды жауап берілді.
Пікір • 05 Қаңтар, 2025
Ішкі саясаттың 2025 жылға арналған күн тәртібі анықталған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында 2024 жылды қорытындылап қана қоймай, бірыңғай уақыт белдеуі, атом электр стансасы, доллар бағамы, Талғар оқиғасы, кезектен тыс сайлау өткізу ықтималдығы және басқа да қоғамда қызу талқыланған көкейкесті мәселелерге қатысты пікір білдірді.