Волонтер • 01 Қаңтар, 2024
Волонтер жылы: Жанашырлық пен жәрдемдесу
2024 жыл ТМД елдерінде Волонтерлік қозғалыс жылы деп жарияланды. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бішкектегі Достастық мемлекеттер басшыларының кеңес отырысында қолдаған еді. Сондай-ақ Президент еріктілердің жыл сайынғы форумын өткізуді және оған ТМД-ның тұрақты алаңы мәртебесін беруді ұсынды. Ізінше тараптардың Үкімет басшылары бас қосып, іс-шаралар жоспарын белгіледі. Ұрпаққа ұлттың ұлы қасиетін дәріптеуге баулитын шешім Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Мәскеу қаласына сапары барысында тиянақталды.
Саясат • 01 Қаңтар, 2024
Жаңа 2024 жыл әлемде де, Қазақстанда да маңызды кезең болмақ. Бірқатар держава президент сайлауын өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ еліміз халықаралық ұйымдарға төрағалық етеді. Осы орайда кібісе жылындағы шартараптың түкпір-түкпіріндегі саяси оқиғаларға шолу жасап көрген едік.
Жоба • 01 Қаңтар, 2024
Іске асатын ірі инвестициялық жобалар
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Сұхбат • 01 Қаңтар, 2024
Саясат Нұрбек: Ғылым өндірістегі табысты 15 есе арттырады
2024 жылы отандық ғылым саласын қандай өзгерістер мен бетбұрыстар күтіп тұр? Биыл нақты қай бағыттағы зерттеулерге сұраныс артуы мүмкін? Ғылымды басқару жүйесінде тың жаңалықтар бола ма? Ғалымдарды қолдаудың қандай түрлері қолға алынбақ? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті әңгімеге тартқан едік.
Ипотека • 01 Қаңтар, 2024
Ипотека нарығы: осы жылға арналған болжам
Биыл елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама пайда болуы мүмкін. Біз айтқалы отырған «9-20-25» бағдарламасы туралы сәл кейінірек тарқатамыз. Ал 2018 жылдан бері халықтың баспана қажетін өтеп келе жатқан «7-20-25» биыл да жалғасады. Бірақ бір жылда 100 млрд теңгеден артық қаражат бөлінбейді.