Спорт • 07 Қаңтар, 2025
Швейцарияның Базель қаласында семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем кубогі өтті. Құрамында Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников сынды семсерлесушілер бар ұлттық құрама командалық сайыста финалға дейін жеткен еді. Финалдық айқаста мысырлық қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальді місе тұтты.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2025
Қармақшы ауданында №284 мамандандырылған мектеп-лицей интернаты жанынан салынған спорт зал мен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қуаңдария ауылынан бой көтерген фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2025
Көпбалалы аналар баспаналы болды
Лисаков қаласында көпбалалы алты отбасы баспаналы болды. Шағын қалада халықтың әлеуметтік осал тобына жататын отбасыларға жергілікті бюджет есебінен 19 пәтер сатып алынды.
Пікір • 07 Қаңтар, 2025
Шалкиіз жыраудың «әділ төре ел бастар» деген сөзі бар. Жыраулар поэзиясында кеңінен насихатталған бұл ұғымдар кейін Абай, Шәкәрім еңбектеріне ұласты. «Адал жүріп, адал тұр, счетің тура келуге» дегенде Абай қоғам мен Құдай алдындағы есепті қоса айтқанға ұқсайды. Адамдық қасиеттің негізі саналатын осы адалдық ұғымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың басты ұстыны еткені тегін дейсіз бе? Біздің халықтың сонау түп-танымынан келе жатқан қасиеттер негізінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты тұжырымдама ұсынып, жасампаздық және жаңашылдық басты құндылықтарымыздың бірі екенін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, бұл құндылықтарды басты назарда ұстау бүгінгі өзгермелі әлемде ұлтымыздың мерейін өсіріп, жаһандық бәсекеге қабілетті болуымызға мүмкіндік береді.
Кино • 07 Қаңтар, 2025
Былтыр Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 17 жобаның өндірісі аяқталған еді. Атап айтсақ, «Қайрат», «Игроманка», «Капитан Байтасов», «Qaitadan», «Фейковый арман», «Мангистау – край океана Тетис», «Күн ұясына батқанда», «Үміт әрдайым жанымызда», «Шырмауық», «Осенний бриз», «Граждане крыши», «Құт», «Мы здесь живем», «Победителей видно на старте», «Здравствуй, добрый человек», «Соңғы парыз» фильмдері бар. Ал «Алан туралы аңыз» ауқымды анимациялық жоба болғандықтан осы жылы аяқталмақ.