Сұхбат • 03 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
– Қасым-Жомарт Кемелұлы, уақытыңыздың тығыздығына қарамастан «Egemen Qazaqstan» газетіне сұхбат беруге келіскеніңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қоғамды толғандыратын мәселелер туралы пікіріңіз қазақ баспасөзі үшін өте маңызды. Сондықтан түрлі тақырыпта өзіңізбен ашық әңгіме өрбіткіміз келеді. Өткен жыл несімен есіңізде қалды?
Ғылым • 03 Қаңтар, 2024
Ел экономикасының негізі, тірегі саналатын ғылым саласында былтыр да маңызды шешімдер қабылданып, қыруар жұмыс атқарылды. Соның негізгілеріне шолу жасап көрелік.
Мектеп • 03 Қаңтар, 2024
Өткен жылдың басында «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны бекіту туралы» Үкімет қаулысы күшіне енген еді. Бұл – білім саласындағы мәселелердің жүгін жеңілдететін бірегей жоба. Үш жылға межеленген жобаның алғашқы жылы қалай аяқталды? Зерделеп көрдік.
Сұхбат • 03 Қаңтар, 2024
Біздің технология тиімділікті жақсартады
Елімізде қауіпті және зиянды өндірістерде 1,5 миллион адам жұмыс істейді. Олардың бәрі күн сайын медициналық тексеруден өтуге міндетті. Өндірісте күн сайынғы тексерісті былай қойғанда, халық жылына бір мәрте толыққанды тексерістен өтуге қиналады. Дені сау ұлт – мемлекет тірегі екенін ескерсек, бұл мәселеге де бір шешім керек. Осы бір қысқа жіпті күрмеуге келтірген Med365 компаниясы десек, артық айтпаған болар едік. Бұл компания медициналық тексеруден өту уақытын айтарлықтай қысқартып, жұмысты бір жүйеге түсірген. Кәсіпорындардағы жарақат алу және өлім қаупін азайтқан. Жасампаз жоба медицина қызметкерлерінің олқылықтарға көз жұма қарауынан сақтап, адам факторының рөлін төмендетуге ықпал еткен. Осылайша, қоғамды қоғадай жапырып келе жатқан жемқорлық дертінің де алдын алмақ. Жобаның жай-жапсарын толық білу үшін Med365 компаниясының басшысы, былтырғы «Алтын сапа» байқауының жеңімпазы Шыңғыс ҚҰЛАХМЕТОВТІ сөзге тарттық.
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
Тіршілігі қашанда қарбалас қаламызда былтыр алып бала да, ата-анасы Құдайдан тілеп алған талай бақытты нәресте жарық дүниеге келді. «Алып бала» деп отырғанымыз, алматылық бір келіншек №5 қалалық перзентханада алғаш рет салмағы алты килодан асқан балпанақтай бала тапты. Алматыда өмірге келген сәбилердің ішінде 200-ден аса егіз бала және бір үшем бар.