Пікір • 03 Қаңтар, 2024
Түрлі өмірлік жағдайда төрт алаяқпен сөйлесуге тура келді. Мүмкін мені бұдан да басқа бірнеше алаяқ алдауға тырысқан шығар. Әйтеуір есте қалғаны – сол төрт алаяқтық. Жақында учаскелік полицей WhatsApp әлеуметтік желісіндегі пәтер иелерінің кооперативі құрған чатқа түрлі жазулары бар картиналар жіберді. Үңілсек, алаяқтардан абай болуды меңзеген құлақтандыру екен. Ақпаратты оқығанда, «Мәссаған, мынадай хатты мен де алдым ғой» деп таңғалдым.
Мәселе • 03 Қаңтар, 2024
Оқу жылы басталғалы Миролюбовка аулындағы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте денешынықтыру пәні өткен жоқ. Себебі спорт залға ағымдық жөндеу жүргізген мердігер компанияның жұмысы сапасыз болғандықтан, мектеп басшылығы қабылдамай отыр. Сапасыз жөндеу салдарынан көздері жәудіреген оқушылардың шырша мерекесі де ойдағыдай ұйымдастырылмады.
Қоғам • 03 Қаңтар, 2024
Америкалық философ Абраһам Маслоу – адам қажеттілігінің пирамидасын ойлап тапқан адам. Оның бұл жүйесі өз атымен «Маслоу пирамидасы» деп аталады.
Мектеп • 03 Қаңтар, 2024
Теректіде жаңа білім ордасы ашылды
Өткен жылдың соңында Теректі ауданында бірнеше жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Руханият • 03 Қаңтар, 2024
«Ойхой, Абай даласы «Абайлаған», Семей десе, Абай деп қарайды адам» деп Мұқағали ақын жырлағандай, ақынды осы тарихи қаласыз ойға оралту да, елестету де мүмкін емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен облыстың атауы ұлы ақынның атымен аталған соң, бұл шаһардың тарихи маңызы бұрынғыдан да күшейе түсті.