Сараптама • 04 Қаңтар, 2024
Мұнай нарығын қандай өзгеріс күтеді?
Мұнай бағасына әртүрлі жаһандық факторлар әсер етіп жатады. Бұл нарықтың сезімталдығы сонша тым құрыса бір тамшы мұнай өндіруге қауқарлы елдің өзінде бола қалған кез келген саяси-экономикалық оқиғаға тұла бойы түршігіп шыға келеді. Алдағы мұнай бағасына қатысты саралау жасаған Экономиканы қолданбалы зерттеулер орталығының (AERC) сарапшылары Венесуэла мен Гайана арасында туындап жатқан территориялық дау-дамайды басты ақпараттық шок деп атапты. Әрине, бұлай деуге толық негіз бар.
Экономика • 04 Қаңтар, 2024
QazaqGaz: Жетістіктер мен алдағы жоспарлар
QazaqGaz ұлттық компаниясы 2022 жылдың басынан бастап елдегі түрлі жобаларға 400 млрд теңгеден аса қаражат инвестициялады. Сонымен қатар ел басшылығы, Үкімет, Энергетика министрлігі және «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен QazaqGaz компаниясы газ саласында ауқымды реформалар жүргізді. Компания өз қаражаты есебінен газ тасымалдау жүйесін жаңғыртып, жүйелі инфрақұрылымдық жобаларды қолға алды. Жүргізілген жұмыс оң нәтижесін берді. Айталық, «Самұрық-Қазына» қорына 27 млрд теңге сомасында дивидендтер төленді. Мұндай нәтижелі салым компания тарихында бірінші рет болып тұр.
Сұхбат • 04 Қаңтар, 2024
Ербол Өстеміров: Кәсіпкер құқын қорғау да өзекті
Кәсіпкерлер ісіне заңсыз араласу мемлекетке қарсы жасалған қылмыспен тең. Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қылмыстық қудалау органдарына қарата айтқан сөзі. Елімізде бизнес жүргізу үшін қолайлы орта қалыптастыру, кәсіпкерлердің құқығын қорғау көптен көтеріліп келе жатқан талап-тілек болғанымен, әлі күнге шешімін таппаған келеңсіздіктер шашетектен. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміровпен болған сұхбатымызда осы салада қордаланған мәселелерді қозғадық.
Медицина • 04 Қаңтар, 2024
Жедел жәрдем көліктен тарықпайды
Өткен жылы Жетісудың шалғай ауылдарын медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін 27 блокты-модульдік медициналық пункт орнатылды. 2025 жылға дейін осындай 35 нысан тұрғызылады. Қазір өңір тұрғындары бұрынғыдай қалаға көп сабылмайды. Іргедегі емханаға жүгініп, арнайы көлікпен орталыққа қатынайды. Осы ретте жаңа жыл қарсаңында облыстық медициналық ұйымдарының автопаркі 29 жаңа жедел жәрдем көлігімен толықты.
Мектеп • 04 Қаңтар, 2024
Мұндай мектеп ауылды қойып, қалалық жерде жоқ шығар. Іші кірсе шыққысыз. Оқушының білім алып, мұғалімнің сабақ беруі үшін заманауи мүмкіндіктің барлығы қарастырылған. Мақалаға арқау етейік деп отырғанымыз – Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі. Жалпы жаңа ауданның білім саласында серпіліс бар.