Тағзым • 04 Қаңтар, 2024
«Әупілдек», «Әпитөк», «Сәулем-ай», «Құдаша» сынды халық әндерімен қатар Біржанның «Жалғыз арша», «Жонып алды», «Ләйлім шырағын», Ақан серінің «Маңмаңгерін» және Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқаған қазақ даласының бұлбұлы Рабиға Есімжанованың туғанына бүгін тура 110 жыл толды.
Оқиға • 04 Қаңтар, 2024
Орал қаласында екі қабатты дәмханада жарылыс болып, төбесі мен бір қабырғасы құлап түсті. Арнайы құтқару қызметі 6 адамды құтқарып, оның бесеуі ауруханаға жатқызылды. Үйінді астынан үш адамның денесі табылған.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2024
Майқайың кенішіндегі қайғылы жағдай
«Майқайыңалтын» АҚ-ның алтын кенішінде қайғылы оқиға орын алды. Құтқарушылар мінген автобус шахта маңында кенеттен пайда болған ойыққа құлаған.
Қоғам • 04 Қаңтар, 2024
Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынған жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Жаңа баспанадан моноқалада тұратын 300 отбасына пәтер берілді.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2024
Жаңа жылда Жангелдин ауданының Көлқамыс ауылында пайдалануға берілген емдеу мекемесін жергілікті «Сыма-К» шаруа қожалығы салып беріп отыр. Әлеуметтік нысанның ашылу рәсіміне сонау Қостанайдан облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев, Торғайдан аудан әкімі Шота Оспанов арнайы келіп қатысты.