Тарих • 01 Қаңтар, 2019
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2019
«Уақытты өлтіру үшін көздеудің де қажеті жоқ» дейді екен. Әне-міне дегенше тағы бір жыл тарих қойнына сүңгіді. Атқан таңын арайға балаған біздің қазақ өткен күнге өкпе артпаған. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деп жақсылық пен жақсы үміттің барлығын алдан күткен. Іргемізден енген жаңа жыл жанға шуақ сыйлайтын жарқын шақтардың жаршысы болғай. Уақыт бедерінде қатталған асқан асу мен бағындырған белес халқым деген қайраткерлердің есімдерімен астасып жатқаны анық. Газетіміздің биылғы алғашқы санында арман-аңсарын ел мұратымен егіз өрген тағылымды тұлғалардың мерейлі жылдарын тізбелегенді жөн көрдік.
Тарих • 01 Қаңтар, 2019
Биыл қазақтың қадірлі тұлғасы, Алаштың аяулы азаматы, ұлт бақыты жолында шейіт кеткен Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл. Лауазымды қызметте жүрсе де ұлт үшін талай басын қатерге тікті. Алаш ардақтысының өткен ғасырдың 20-жылдары Моңғолияда қызмет сапарымен болған күндері туралы мақаланы сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2019
Зейнетақы жүйесінде қандай өзгеріс бар?
Биыл зейнеткерлерді бірқатар жағымды жаңалық күтіп тұр. Айталық, ынтымақты және базалық зейнетақының көлемі артады, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ең төменгі төлемі көбейеді.
Экономика • 01 Қаңтар, 2019
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жуырдағы Жолдауында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару арқылы шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық амнистиясы шараларын жүзеге асыру жөнінде тапсырма бергені белгілі. Бұл шара қанша қаржы сомасын қамтиды? Салық рақымшылығын жасау шараларына кімдер ілігеді және ол қалай жүзеге асады?