Руханият • 04 Қаңтар, 2019
Алматы жұртшылығы Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салды
Алматы жұртшылығы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы Опера және балет театрында жиналған зиялы қауым өкілдері қайраткердің азаматтық тұлғасы мен халқына сіңірген ерен еңбегі жайлы тебірене естелік айтты.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2019
Талғар қаласында спорт кешені ашылды
Талғар қаласында дене шынықтыру сауықтыру кешені және «Алмалы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашылу салтанаты өтті.
Білім • 04 Қаңтар, 2019
Басты мақсат – заман талабына сай мамандар даярлау
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «...мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр... Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуы тиіс», деп атап өтті. Шынымен де, адам ресурсының даму деңгейі, жан дүниесінің рухани байлығы білім сапасымен өлшенетіні белгілі. Бүгінде отандық білім жүйесі ашықтық жағдайында ғана өзінің ең жоғары сапасына қол жеткізе алады.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2019
Тайландта қатты дауыл болуы мүмкін
Тайландта қатты дауыл болады деген хабардан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Тайландта жүрген және осы елге саяхаттауды жоспарлап жатқан азаматтарымызға абай болу керектігін ескертті.