Оқиға • 01 Қаңтар, 2023
Алатау баурайында ұйымдастырылған шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір апта бойы ару қала Алматыны дүбірге бөлеген ойлылар ойынында қазақтың аса дарынды қос қызы жеңіс тұғырынан көрініп, барша Алаш жұртын шаттыққа бөледі. Әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова жылдам шахматтан (рапидтен) күміс медаль олжаласа, Бибісара Асаубаева блиц түрінен қатарынан екінші рет әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды.
Пікір • 01 Қаңтар, 2023
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өткен 2022 жылға шолу жасап, қандай маңызды жұмыстар атқарылғаны туралы «Telegram» арнасында жазба қалдырды.
Парламент • 01 Қаңтар, 2023
Конституциялық Сот мүшелері бекітілді
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Конституциялық соттың судьяларын тағайындау мәселелерін қарады.
Экономика • 01 Қаңтар, 2023
Ресейден келетін ақша ағыны көбейді
Былтыр жыл басынан қазан айына дейінгі аралықта ақша аударымдарының халықаралық жүйесі арқылы шет мемлекеттерден келген қаржы көлемі 575,2 млрд теңге болды. 2021 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда көрсеткіш 2,5 есеге жоғары.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2023
Әлеуметтің қалқаны болар кодекс
Кез келген ел ең әуелі әлеуметтің әл-ауқатын реттеуге басымдық береді. Сол себепті де Президент Әлеуметтік кодексті әзірлеу туралы бастаманы 2020 жылы көтергенімен кейінгі Жолдауларында жобаны толықтыратын, тұздық болатын ұсыныстар айтып келді. Демек Президент тапсырмасы қолданыстағы заңнамаларды жетілдіріп, бірізділендіруге арқау болып отыр. Былтыр жыл соңындағы Үкімет отырысында жаңа Әлеуметтік кодекстің жобасы мақұлданды.