2018 жылы Қазақстан Республикасында инфляция 5,3%-ды құрады
Өткен жыл үшін баға азық-түлік тауарларына – 5,1%, азық-түлік емес тауарларына – 6,4%, ақылы қызметтерге 4,5%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019
2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 12,4%-ға жоғарылады
2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағасы 12,4%-ға жоғарылады. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 16,3%, өңдеу өнеркәсібінде 8,8%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім - 12,9%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 6,7%-ға қымбаттады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2019
2018 жылғы желтоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 440 теңгені құрады
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,3%-ға жоғарылады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Б. Атамқұлов Өзбекстан және Тәжікстан Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов өзбек тарапының бастамасымен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен телефон арқылы сөйлесті.
Әлем • 04 Қаңтар, 2019
Нэнси Пелоси АҚШ өкілдері палатасының спикері болып сайланды
Калифорния штатының Конгрессмені, Трамп әкімшілігінің сыншысы және демократиялық партиясының ардагері Нэнси Пелоси тағы да АҚШ конгресі өкілдері палатасының спикері болып сайланды. Бұл қызмет Президент пен вице-президенттен кейін Вашингтондағы маңызды үшінші қызмет қатарына кіреді.